Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысын жетілдіру туралы МҚІА төрағасы Дархан Жазықбаевтың «Egemen Qazaqstan»газетіндегі мақаласынан

«Қазір мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшеюде. Мемлекеттік қызметті заман талабына сай түбегейлі жаңғырту тек құқықтық нормативтік құжаттарға өзгертулер енгізумен шектелмейді. Мұндағы басты міндеттің бірі – мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру. Ол үшін мемлекеттік қызметшіге саналы тұрғыда өзгеріс қажет. Бұл ниет қалаулары мен ұстанымдық принциптерін өзгерту талабын тудырады. Алда осы арнадағы жұмысты жандандыруды көздеп отырмыз.

🔸Мемлекет басшысы, Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Халқымыздың сана-сезімі, құндылықтары түбегейлі жаңаруы керек. Сонда ұлттың жаңа сапасы қалыптасады. Бір сөзбен айтқанда, барша еліміз жаңарады» деп саналы өзгеріске деген қажеттіліктің пісіп-жетілгенін меңзеген болатын.

🔹Өкінішке орай, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінен өзге, олардың қоғамдағы болмысы мен тұлғасына қатысты саналы жаңғыруға бағытталған бірде-бір құжат жоқ. Сондықтан, еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің саналы тұрғыдан жаңғыруына ықпал ететін, олардың ұстанымдары мен құндылықтарын жүйелейтін арнайы Доктрина жобасын дайындауды қолға алдық. Онда мемлекеттік қызметшілердің қоғамның сұранысына жауап бере алатын мақсатты дағдылары, құндылықтық ұстанымдары топтастырылды. Бұл құжат мемлекеттік қызметшілердің саналы, рухани-адамгершілік тұрғыдан өзгеруіне түрткі болуға бағытталып, олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызметін сапалы түрде кәсібилендіруді көздейді.

🔸Ұлттық мүддені басым қою, мемлекеттік сана, әділдік, ашықтық, антқа адал болу – бұлар мемлекеттік қызметшілердің саналы тұрғыдан жаңғыруына септігін тигізетін ұстанымдар. Осылар мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысынан көрініс тапқанда мемлекеттік аппараттың жаңаша сипатта дамуына серпін береді».

📰Мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысын жетілдіру туралы МҚІА төрағасы Дархан Жазықбаевтың «Egemen Qazaqstan»газетіндегі мақаласынан

⏩Мақаланың толық нұсқасы: https://egemen.kz/article/342201-memlekettik-qyzmet-dganha-kezenhdegi-manhyzdy-mindet

Дата публикации
19 мая 2023
Дата обновления
19 мая 2023
Тип

Сейчас читают

11 февраля 2025
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен 2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар
27 июня 2024
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар
Ақпарат
20 июня 2024
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА ҚАНАҒАТТАНБАЙСЫЗ БА? TELEGRAM – БОТ АРҚЫЛЫ МӘСЕЛЕҢІЗДІ ОҢАЙ ӘРІ ЖЫЛДАМ ШЕШІҢІЗ.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы