Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпарат

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Осы орайда, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында бірқатар шаралар қабылдануда.

Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс нәтижелері үшін жеке жауапкершіліктерін арттыру және өздерінің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілерін болдырмау үшін пәрменді шаралар қабылдануда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының талаптарын қатаң сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және оның алдын алу мақсатында Басқарма қызметкерінің қатысуымен жиналыстар өткізіліп, нақты тапсымалар беріледі.

Басқарма қызметкерлерімен 2022 жылы 4 жиналыс өткізілсе, 2023 жылдың бірінші тоқсанында 1 жиналыс өткізіліп, қызметкерлерге хаттамалық тапсырмалар берілді.

Басқарма орналасқан ғимараттың дәлізінде ақпарат алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыптарында стенділер орналастырылған.

Сонымен қатар, қалың жұртшылықтың мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық және әкімшілік ақпараттарына қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың интернет-ресурсында нормативтік құқықтық актілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарына арналған арнайы бөлімдері ашылып, тиісті ақпараттармен толықтырылған және тұрақты түрде жаңартылып тұрады.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер толықтай электронды нысанда «Электронды үкіметтің» веб порталы арқылы жүргізіледі және қызметті беруші мен алушы арасында тікелей қатынас үзілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау залы арнайы бейнекамерамен жабдықталған.

Оған қоса, жеке және заңды тұлғалардың кез келген өтініштері “eOtinish” ақпараттық жүйесінде тіркеліп, қолданыстағы заңнамалар аясында нақты жауаптар беріліп тұрады.

Басқармада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітіліп, ол интернет-ресурста жарияланды.

2023 жылдың қыркүйек айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесіі бойынша талдамалық анықтама әзірленді.

Ішкі талдау нәтижесінде 6 ұсыным жинақталды. 3 ұсыным нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша, қалған 3 ұсыным ұйымдастырушылық бағытта орындалатын шараларды қамтыды.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері портал арқылы электронды түрде өткізіледі. Келісім-шарттар, жұмыстар және қызметтерді орындау актісі де электронды түрде жүргізіледі.

Бюджеттік бағдарламалар электронды түрде «Ашық бюджет» порталында жарияланады.

Басқарманың атқаратын функциясына қатысты нормативтік құқықтық актілерге тұрақты түрде құқықтық мониторинг жүргізіліп тұрады. Жыл басынан 3 құқықтық мониторинг жүргізіліп, қорытындысы бойынша талдамалық анықтама және құқықтық мониторинг жүргізу кезінде құқық нормалары кемшіліктерінің жоқ екені туралы анықтама әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар үнемі бақылауда болады.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

мемлекеттік сәулет-құрылыс

бақылау басқармасының басшысы

Бисембаев Қайрат Аширалыулы

Дата публикации
11 апреля 2023
Дата обновления
11 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 февраля 2025
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен 2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар
27 июня 2024
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар
Ақпарат
20 июня 2024
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА ҚАНАҒАТТАНБАЙСЫЗ БА? TELEGRAM – БОТ АРҚЫЛЫ МӘСЕЛЕҢІЗДІ ОҢАЙ ӘРІ ЖЫЛДАМ ШЕШІҢІЗ.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы