2025 жылғы тексерулер нәтижесі

Басқармамен 2025 жылы 237 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 160 нұсқама беріліп, 503 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде      398 тапсырыс беруші, 30 мердігер, 15 жобалаушы, 5 сараптама ұйымы,                 2 геологиялық зерттеу ұйымы, сондай-ақ 34 техникалық және 19 авторлық қадағалаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы           130 млн. теңге айыппұл салынды.

Тексеру нәтижесінде 9 авторлық және 17 техникалық қадағалаушыға айыппұл салынып, сарапшы аттестаттары 6 айға тоқтатылды.

Құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 6 мердігер, 11 жобалау және                 2 геологиялық ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 312-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Одан бөлек, «Шу қаласы ЖЭО-ның түтін мұржасын қайта жаңарту» обьектісінің жұмыс жобасына берілген сараптама қорытындысы бойынша сараптама ұйымы «Сараптама Consulting» ЖШС-не ӘҚБтК-ң 317-1 бабының  2-тармағына сәйкес, 26.01.2024 ж. №KZ24VWC00199013 санды аккредиттеу туралы куәлігінен айырып, 2 752 400 тг. мөлшерінде айыппұл салынды.

Тараз қаласы Республикалық маңызы бар «Тараз индустриялық аймағының инженерлік-көлік инрақұрылымын салу» 1-ші және 2-ші кезек Автожолдарды салу нысанының жобалаушы ұйымы «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС ӘҚБтК-ң 312 бабының 2-тармағына сәйкес, 03.06.2022 ж. №ГСЛ №0000753 лицензиясындағы «Барлық санаттағы автомобиль жолдары» бөлігі қызметінен айырып, 1 572 800 тг. мөлшерінде айыппұл салынды.

Тексеру қорытындыларының нәтижесі бойынша 10 нысан бұзылды. (Тараз қаласы 8, Жуалы ауданы 1 және Талас ауданы 1).             

2025 жылы сотпен 119 іс қаралды.

Заңсыз құрылысқа қатысты 1 іс бойынша нысанды бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне, ал 1 іс сотта қаралуда.

 Сонымен қатар, нысанды бұзу туралы 3 талап қою арызы соттың қарауында.

 

Дата публикации
14 января 2026