Мемлекеттік қызметтеріне көрсету алгоритмі

Көрсетілетін

мемлекеттік қызметтердің тізімі

 

№

Мемлекеттік қызметтің атауы

 

 

Мемлекеттік қызметті

айқындайтын қағида

1

Іздестіру қызметіне лицензия беру

 

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығы

 

 

 

 

2

Жобалау қызметіне лицензия беру

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығы

 

3

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру

 

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығы

4

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және

инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау

 

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы             № 114 бұйрығы

5

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі

ұйымдарды аккредиттеу

 

 

-

Қазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы

№ 733 бұйрығы

 

 

 

«Іздестіру қызметіне, жобалау қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік қызметтеріне көрсету

Алгоритмі

  1. "Іздестіру қызметіне, жобалау қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1- тармақшасына сәйкес әзірленген және Іздестіру қызметіне, жобалау қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру рәсімін регламенттейді.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

2) біліктілік талаптары - өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;

3) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;

4) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға.

  1. "Іздестіру қызметіне, жобалау қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру " мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
  2. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы ( бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтінішті жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) нысанында баяндалған.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған. Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзы арқылы беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
  4. Қайта ұйымдастыру себептері бойынша іздестіру қызметіне, жобалау қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру лицензияны және ( немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу және (немесе) алу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығымен бекітілген бірыңғай біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сәйкестігін қарайды - 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және "жеке кабинетке" жолдайды.

3) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету алгоритмі

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы мен "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10- бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларға аттестаттау жүргізу және "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.

Аттестаттау тәртібі

  1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
  2. Жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы ( бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтінішті жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) нысанында баяндалған.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған. Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
  4. Сарапшы аттестатын алған кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен бірге осы Қағидалардың 9 - тармағында көрсетілген талаптарға (бұдан әрі - талаптар) сәйкестігін қарайды-5 (бес) жұмыс күні ішінде. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және "жеке кабинетке" жолдайды. Қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ресімделген мынадай шешімдер бекітіледі:

1) тестілеуге жіберілген;

2) тестілеуге жіберілмеген.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тапсырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" тестілеуге жіберу немесе тестілеуге жібермеу себептері туралы хабарлама жібереді.

3) Тестілеу 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өткізіледі. Көрсетілетін қызметті беруші тестілеу өткізілген күні өтініш берушілерді тестілеу нәтижелерімен электронды түрде таныстырады.

4) көрсетілетін қызметті беруші сарапшы аттестатын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес дәлелді бас тартуды ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

  1. Тестілеу келесі талаптар мен рәсімдерді көздейді:

1) өтініш берушінің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен тестілеуді өткізу;

2) өтініш берушілерді тестілеуге жіберу жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады;

3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері тестіленушілерді тестілеуді өткізу рәсімдерімен таныстырады;

4) тестілеу кезінде сарапшылар сөйлесе және тестілеу өткізілетін үй-жайдан шыға алмайды. Жеке электрондық құрылғыларды (соның ішінде компьютерлерді, ұялы телефондарды тестілеу кезінде пайдалануға тыйым салынады);

5) қызмет берушінің қызметкерлері осы тестілеуді өткізу рәсімін бұзған өтініш берушілерді тестілеуден шығарады;

6) компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу автоматты түрде компьютерлік бағдарламамен жүргізіледі. Тестілеуге жіберілген уақыт 100 минутты құрайды. Тест 100 сұрақтан тұрады. Тест сұрақтарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей: 1) Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген сарапшылар үшін; 2), 3), 4), 8), 9) осы Қағиданың 9 - тармағы-90 және одан да көп дұрыс жауап; 2) қалған барлық сарапшылар үшін - 70 және одан да көп дұрыс жауап. Аттестацияны қайта тапсыру саны шектелмеген.

  1. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайларда сарапшы аттестатын қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдарының сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарайды, ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.

  1. Сарапшының аттестаты мынадай жағдайларда қайта ресімдеуге жатады:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген;;

2) қағаз аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа ауыстыру; 3) электрондық аттестатты мерзімі жоқ электрондық аттестатқа ауыстыру.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
  2. Аттестатталған сарапшылар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
  3. Сарапшының аттестаты "электрондық үкімет" веб-порталында жарияланады: www.egov.kz осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.

 

 

 

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу»

мемлекеттік қызмет көрсету алгоритмі

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-24)- тармақшасына және және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді.

  1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
  2. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы ( бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтінішті жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) нысанында баяндалған.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін іс-әрекеттер, орындалу ұзақтығы:

1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен өтінішті автоматты тіркеу;

2) куәлікті электрондық нысанда беру, қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз ақпараттық жүйемен (компьютермен) жүзеге асырылады - 20- 40 (жиырма - қырық) минут ішінде.

  1. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда қайта ресімделеді.
  2. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
  3. Аккредиттеуден өткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне енгізіледі, онда заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, штатында мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер
  4. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
  5. Қолданыстағы аккредиттеу туралы куәлік болмаса, ұйымның қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
  6. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне осы Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттелген ұйымдардың өтініші негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл ретте енгізілген кез келген өзгерістер мен толықтырулар осы Қағидаларға 3- қосымшасында көзделген рұқсат беру талаптарын бұзуға әкеп соқпайды.

 

Дата публикации
28 июня 2024