БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

Халық арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысының аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 27 тамызда «Ашық есік күнін» жаңа онлайн форматта өткізеді. Ниет білдірушілер арнайы онлайн платформа арқылы аталған іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.  

Іс-шара тақырыбы – «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз». Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгеріске сәйкес 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ екені белгілі. Автомат түзімде 2020 жылдың алғашқы жартысының өзінде 1 миллионнан астам жаңа шот ашылған атап өткіміз келеді. Бұл шоттардың иелері аталған іс-шараның ерекше қонағы болады және «БЖЗҚ» АҚ мамандарына өз сауалдарын қоя алады. Оларға Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні айтылады, келешек зейнетақыны есептеуде көмек көрсетіліп, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың ең жедел тәсілі жайлы кеңес беріледі. 

Оның үстіне, аталған іс-шара мақсаты – салымшыларға зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру.

 «Ашық есік күнінің» 27 тамызда сағат 10-00 - 16-00 аралығында  онлайн платформада өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e3502daa97a2c02783a4fbeebd8991ad8 сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі : 170 992 8343  мен event-жиналыс паролі qwert_123 енгізіледі.

 

 

 

Біз сіздерді күтеміз!

Дата публикации
18 августа 2020