Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді www.egov.kz «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырады:
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;
- Жобалау қызметіне лицензия беру;
- Іздестіру қызметіне лицензия беру;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау.