Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Басқарманың ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары бойынша қорытынды есеп.
2021 жылы басқарма тарапынан 2741 хат және 210 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды.
2021 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы 712 хабарлама қабылданды (оның 301 мемлекеттік объектілер болса, 411 жекеменшік объектілер).
Облыс аумағында 2021 жылы құрылыс нысандарының сапасына 49 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру қорытындыларына сәйкес 174 (2020 жылы - 85) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, 31 837 588 теңге (2020 жылы – 21,8 млн. тг) әкімшілік айыппұл салынды.
Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 12 нұсқама берілді.
Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 8 нұсқама берілді.
2021 жылы - 128-тапсырыс беруші, 13-мердігер мекеме, 21-техникалық (оның ішінде 13 техникалық қадағалаушылардың аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды), 10-авторлық қадағалаушылар және 2 жобалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз құрылыс бойынша 9 іс қозғалды (2020ж-4). Бүгінгі күні қозғалған 9 істің 9-ы сотпен толықтай қаралып, айыппұл салынды.
2021 жылдың бүгінгі күніне дейін облыс бойынша 112 нысанға мониторинг жүргізілді.
Мониторинг аясында анықталған кемшіліктер бойынша облыс әкімінің орынбасарына қызметтік хат енгізіліп, оларды жою бойынша тапсырыс берушіге және мердігерлерге ескертілді.
Егерде анықталған кемшіліктер жойылмаса тапсырыс берушіден Басқармаға шара көру үшін жолданған жағдайда, Басқарма тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, нұсқама берілетін болады.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!