Информация о проделанной работе Управлением государственного архитектурно-строительного контроля акимата Жамбылской области по вопросам противодействия коррупции.

Басқармада 2019 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының талаптарын қатаң сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және оның алдын алу мақсатында Басқарма қызметкерінің қатысуымен жиналыстар өткізіліп, нақты тапсымалар беріледі.

2019 жылы 6 жиналыс.

Облыстық «Ақжол» газетінде 2019 жылдың 25 мамырында Басқарма басшысының «Сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәуекелдер анықталған жоқ» атты тақырыбында мақаласы жарияланды.

Басқарма орналасқан ғимараттың дәлізінде ақпарат алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыптарында стенділер орналастырылған.

Қалың жұртшылықтың мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық және әкімшілік ақпараттарына қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарына арналған арнайы бөлім ашылып, тиісті ақпараттармен толықтырылған және тұрақты түрде жаңартылып тұрады.

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 29 маусымдағы №128 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Жамбыл облысының 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» Басқармада орындау бойынша бекітіліс бекітілп, орындалуы бақылауда.

Басқармада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітіліп, ол интернет-ресурста жарияланды.

2019 жылы - 2 ішкі талдаулар жүргізіліп, нәтижелері бойынша талдамалық анықтама әзірленді.

Дата публикации
26 декабря 2019