ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ
КАРТОГРАММАСЫ
2026 жыл
Ішкі талдау материалдары негізінде әзірленген жұмыс нұсқасы
|
Түс |
Деңгей |
Картограммадағы мағынасы |
|
Қызыл |
ЖОҒАРЫ |
Басқарушылық шешімдер және жоғары дискрециясы бар функциялар |
|
Сары |
ОРТАША |
Орындаушылық және рәсімдік функциялардағы тәуекелдер |
|
Жасыл |
ТӨМЕН/анықталмаған |
Материалдарда жеке тәуекел фактілері көрсетілмеген немесе тәуекел деңгейі төмен бағыттар |
Картограмма Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ықтимал шоғырлану бағыттарын бір жүйеге келтіру, тәуекелге бейім функциялар мен лауазымдарды көрнекі түрде көрсету және тәуекелдерді төмендету бойынша алдын алу шараларын айқындау мақсатында әзірленді.
Картограммада көрсетілген тәуекел деңгейі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы жасалғанын білдірмейді. Ол тиісті функциялар мен лауазымдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін сипаттайды.
|
№ |
Тәуекел аймағы |
Негізгі тәуекел |
Деңгейі |
|
1 |
Басқарушылық шешімдер қабылдау |
Қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде шешім қабылдау қамтамасыз ету; Басқарушылық процесстердің барлығына қатысуы. |
ЖОҒАРЫ |
|
2 |
Мемлекеттік бақылау және қадағалау |
Тексеру жүргізу, актілер мен нұсқамаларды рәсімдеу, қабылданған шешімдерді құжаттық негіздеу |
ЖОҒАРЫ |
|
3 |
Мемлекеттік сатып алу |
Жоспарлау, рәсімдерді өткізу, өнім берушілермен жұмыс және шарттардың орындалуын бақылау |
ОРТАША/ЖОҒАРЫ |
|
4 |
Бюджетті жоспарлау және қаражатты игеру |
Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, қаржыландыру және қаражатты тиімді игеру |
ОРТАША |
|
5 |
Рұқсат беру және әкімшілік рәсімдер |
Өтініштерді қарау, рәсімдік мерзімдер мен заңнама талаптарын сақтау |
ОРТАША |
|
6 |
Мүдделер қақтығысы |
Мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және реттеу |
ОРТАША |
|
7 |
Құжат айналымы және ЭЦҚ |
Құжаттарды тіркеу, электрондық құжат айналымы және ЭЦҚ пайдалану тәртібі |
ОРТАША |
|
8 |
Кадрлық және еңбек тәртібі |
Жұмыс уақытын есепке алу, еңбек тәртібі және қызметтік міндеттерді ұйымдастыру |
ОРТАША |
|
Функция/бағыт |
Тәуекел деңгейі |
Тәуекелді төмендетудің негізгі бағыты |
|
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын ұйымдастыру |
ЖОҒАРЫ |
Шешімдерді тексеру материалдарымен және қолданыстағы талаптармен негіздеу; бақылау рәсімдерінің ашықтығын сақтау. |
|
Тексеру нәтижелерін рәсімдеу |
ЖОҒАРЫ |
Актілерді, нұсқамаларды және өзге де материалдарды белгіленген тәртіппен рәсімдеу; мерзімдер мен рәсімдердің сақталуын бақылау. |
|
Объектілер бойынша құжаттарды қарау және бағалау |
ЖОҒАРЫ |
Құжаттарды белгіленген талаптар бойынша бірізді қарау, шешімдердің құжаттық негізділігін қамтамасыз ету. |
|
Мемлекеттік сатып алу |
ОРТАША/ЖОҒАРЫ |
Жоспарлау, техникалық ерекшеліктер және шарттардың орындалуын қабылдау кезеңдерінде ішкі бақылауды күшейту. |
|
Әкімшілік рәсімдер және азаматтардың өтініштері |
ОРТАША |
Өтініштерді қарау мерзімдері мен рәсімдік талаптарды сақтау, жауаптардың толықтығы мен негізділігін қамтамасыз ету. |
|
Қаржы-шаруашылық қызмет |
ОРТАША |
Бюджет қаражатын жоспарлау мен игеруді құжаттық бақылау, төлем құжаттарының негізділігін тексеру. |
|
Құжат айналымы және ЭЦҚ |
ОРТАША |
Құжаттарды тіркеу, сақтау және ЭЦҚ қолдану тәртібін біріздендіру. |
|
Кадрлық және еңбек тәртібі |
ОРТАША |
Еңбек тәртібін, жұмыс уақытын есепке алуды және қызметтік міндеттердің орындалуын ішкі бақылау. |
|
Лауазым |
Тәуекелді өкілеттіктер |
Деңгейі |
|
Басқарма басшысы |
Басқарушылық шешімдер қабылдау, қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыру, бақылау функцияларының жалпы үйлестірілуі |
ЖОҒАРЫ |
|
Инспекция бөлімінің басшысы |
Бөлімнің қызметін ұйымдастыру, шешімдер қабылдау, тапсырмалардың орындалуын бақылау |
ЖОҒАРЫ |
|
Лицензия және аттестаттау бөлімінің басшысы |
Лицензиялау және аттестаттау саласындағы мемлекеттік функцияларды ұйымдастырады, құжаттарды қарау және шешім қабылдау процестерін үйлестіреді. |
ЖОҒАРЫ |
|
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын бас маман |
Тексеру жүргізу, актілер мен нұсқамаларды рәсімдеу, бақылау нәтижелерін құжаттау |
ОРТАША/ЖОҒАРЫ |
|
Қаржы/бухгалтерлік функцияларды атқаратын бас маман |
Бюджетті жоспарлау және орындау, бухгалтерлік есеп, төлемдер мен ТМҚ есебі |
ОРТАША |
|
Мемлекеттік қызмет/өтініштермен жұмыс істейтін бас маман |
Өтініштерді қарау, мемлекеттік қызмет көрсету және рәсімдік мерзімдерді сақтау |
ОРТАША |
|
Бағыт |
Негізгі тәуекел |
Алдын алу шарасы |
|
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы |
Тексеруді ұйымдастыру, оның нәтижелерін бағалау және бақылау құжаттарын рәсімдеу кезінде шешімдердің объективтілігі мен негізділігін қамтамасыз ету қажеттілігі. |
Бақылау іс-шараларын белгіленген тәртіппен жүргізу, шешімдерді құжаттық негіздеу және инспекторлардың кәсіби талаптарын сақтау. |
|
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы |
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалық және нормативтік талаптарға сәйкестігін бағалау кезінде бірізді тәсілді сақтау қажеттілігі. |
Жұмыстардың жобалық және нормативтік талаптарға сәйкестігін объективті бағалау, бақылау нәтижелерін тиісті құжаттармен бекіту. |
|
Сараптама қорытындылары |
Сараптама қорытындыларын қарау және пайдалану кезінде олардың талаптарға сәйкестігін объективті бағалау қажеттілігі. |
Сараптама қорытындыларын бақылау материалдарында заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалану, құзырет шегінен шықпау. |
|
Лицензиялау |
Лицензиялау рәсімдері барысында ұсынылған құжаттарды қарау кезінде талаптарды бірізді қолданбау және рәсімдік сипаттағы ескертулердің туындау тәуекелі. |
Лицензиялық талаптарды бағалауда бірізді критерийлерді қолдану және шешімдерді құжаттық негіздеу. |
Төмендегі жағдайлар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы ретінде бағаланбайды. Олар ішкі рәсімдерді жетілдіруді және алдын алу бақылауын күшейтуді қажет ететін ықтимал тәуекел факторлары ретінде көрсетілді.
|
Бағыт |
Назар аударуды қажет ететін жағдай |
Алдын алу/жетілдіру шарасы |
|
Мемлекеттік сатып алу |
Сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу, шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау және қабылдау рәсімдерінің бірізділігін тұрақты бақылауда ұстау қажеттілігі. |
Өзгерістердің негізділігін құжаттық бекіту; шарттардың орындалуын мерзімдік мониторингтеу; қабылдау құжаттарын ішкі тексеру. |
|
Әкімшілік рәсімдер |
Азаматтардың өтініштерін қарау, жеке қабылдау және жауаптарды рәсімдеу кезінде бірыңғай тәсілді сақтау қажеттілігі. |
Рәсімдік талаптарды тұрақты түсіндіру; мерзімдер бойынша бақылау; жауаптардың негізділігін ішкі қарау. |
|
Құжат айналымы және ЭЦҚ |
Кіріс-шығыс құжаттарын тіркеу, электрондық құжат айналымы және ЭЦҚ қолдану тәртібін біріздендіру қажеттілігі. |
Тіркеу журналдарын және электрондық жүйелерді мерзімді ішкі бақылау; ЭЦҚ-ны жеке пайдалануды қамтамасыз ету. |
|
Мүдделер қақтығысы |
Мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және реттеу мәселелеріне тұрақты назар аудару қажеттілігі. |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу; мүдделер қақтығысы туралы хабарлау тәртібін еске салу; ішкі бақылау. |
|
Кадрлық және еңбек тәртібі |
Жұмыс уақытын есепке алу мен еңбек тәртібін сақтауды тұрақты бақылау қажеттілігі. |
Жұмыс уақытын есепке алу рәсімдерін біріздендіру және басшылар тарапынан ішкі бақылауды күшейту. |
2026 жылғы II- III тоқсанына жүргізілген ішкі талдау материалдары негізінде Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің негізгі шоғырлану бағыттары басқарушылық шешімдер қабылдау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алу, бюджет қаражатын жоспарлау және игеру, әкімшілік рәсімдер, мүдделер қақтығысы, құжат айналымы және ЭЦҚ пайдалану процестері ретінде айқындалды.
Картограммадағы тәуекелдер нақты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының жасалғанын білдірмейді. Негізгі міндет – тәуекелдерге ықпал етуі мүмкін себептер мен жағдайларды алдын ала жою, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және ішкі бақылау тетіктерінің тиімділігін арттыру.