
Жамбыл облысы аумағында салынып жатқан объектілерге мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылауы мен қадағалауды жүргізу;
Салынып жатқан құрылыс объектілерінде объектілердің салыну сапасына, аумағы қолданыстағы мемлекеттік, сондай-ақ мемлекет аралық нормативтердің сақталуына мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылауын жүзеге асырады;
Жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жеке және заңды тұлғалармен орындалуына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
Объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушілердің техникалық қадағалау, жобаларды әзірлеушілердің авторлық қадағалау және мердігерлердің қадағалау қызметіне бақылау және қадағалауды жүзеге асыру;
Құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталуы туралы хабарламада көрсетілген деректердің анықтығын белгілеу бойынша тексеру жүргізу;
Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте нормативтік құқықтық актілерді және сәулет - құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік талаптарды бұзушыларға тиісті шаралар қолдану;
Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы, жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігер құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығаруға;