
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиялар функцияларын жүзеге асыру, оның ішінде:
- лицензия және лицензияға қосымшалар берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
- лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
- уәкілетті органға берілген лицензия тізілімін жолдау.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде:
- өтініш берушінің құжаттарын қабылдау және қарау;
- уәкілетті органға берілген аттестаттардың тізілімін жолдау;
-сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшыларды аттестаттау жөнінде ұйымдастыру іс-шараларын (электрондық тестілеу) жүргізу;
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу функцияларын жүзеге асыру;
Лицензия алу үшін лицензияттар ұсынған құжаттар мен материалдарды қарау, заңмен белгіленген лицензияланатын жұмыс түрлерінің тізіміне сәйкес ведомстволық бағыныстағы аумақтағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру, белгіленген үлгі бойынша қатаң есептілік бланкілерін жүргізу;
Лицензия және лицензияға қосымша алу үшін құжаттарды қарастыру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау, лицензиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде тексерудің нәтижесі бойынша лицензиялау нормаларын бұзушыларға тиісті шаралар қолдану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшыларды аттестаттау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде, өтініш берушінің құжаттарын қабылдау және қарау, сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшыларды аттестаттау жөніде ұйымдастыру іс-шараларын (электрондық тестілеу) жүргізу;