GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
20 мая 2026
Шу қалалық ауруханасының ғимараты

«ЖЖ «Шу қалалық ауруханасының ғимаратына қабылдау бөлімінің ғимаратын салу» жұмыс жобасы бойынша сараптаманың оң қорытындысы 15.12.2025 ж. № BASEXP-0048/25 алынды. Арнайы мемлекеттік қордан 2 262,4 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 251,8 млн. теңге бөлінді.
Құрылыс жұмыстары сәуір айында басталды, ҚМЖ барысы 6% (котлован – 100%, сыртқы водопровод - 50%, сыртқы электр желісі – 75%).
Нысанды тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарлануда (сараптама қорытындысына сәйкес нормативтік мерзім-10 ай – ақпан 2027 ж.).

24 апреля 2026
2023-2026 жылдары аралығында тұрғын үй саласы бойынша ақпарат

 2023-2026 жылдары аралығында тұрғын үй саласы бойынша ақпарат

Халықты баспанамен қамтамасыз ету – өңіріміздегі әлеуметтік маңызы бар басым бағыттардың бірі. Осы мақсатта жыл сайын бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, жаңа тұрғын алқаптары мен шағын аудандардың құрылысы қарқынды түрде жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 58 мыңнан астам азамат тіркелген. Оның ішінде 31 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады, атап айтқанда көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар және табысы төмен азаматтар.

Аталған санаттағы тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында облыста әлеуметтік тұрғын үйлер салумен қатар, дайын пәтерлерді сатып алу тетігі кеңінен қолданылуда.

2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жалпы құны 16,4 млрд теңгеге 3 929 пәтерлі 74 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысы бойынша 1 040 пәтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін республикалық бюджет есебінен 7,8 млрд теңгеге 797 пәтер сатып алу жоспарланып, жыл қорытындысымен 864 пәтер сатып алынды.

2024 жылы тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджеттен жалпы 40,7 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде 2 830 баспана таратуға дайындалды. Оның ішінде 1 819 пәтер әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған.

Атап айтқанда, бюджет қаражаты есебінен 17,5 млрд теңгеге 3 709 пәтерлі 78 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңында 1 159 пәтерлі 26 тұрғын үй пайдалануға берілді.Сонымен бірге, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға 23,2 млрд теңге бөлініп,1 671 пәтер сатып алынды.

2025 жылы бюджет қаражаты есебінен 18,4 млрд теңгеге 2 190 пәтерлі 46 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 1 050 пәтерге арналған 20 тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтар үшін 21,5 млрд теңгеге 1 425 пәтер сатып алынды.

Осылайша, тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған жылдық қаржыландырудың 54,2 пайызы дайын пәтерлерді сатып алу механизміне бағытталып, бұл тәсіл негізгі құралға айналып отыр.

2026 жылға арналған жоспарға сәйкес 1 525 пәтерлі 32 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, жыл қорытындысымен 1 445 пәтерлі 31 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау көзделуде.

Сонымен қатар, Асқаров көшесінің соңындағы алқапта 1 176 пәтерлі 30 көпқабатты әлеуметтік кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Аталған жобаларға облигациялық қаражат есебінен 17,9 млрд теңгеге өтінім ұсынылып, бүгінгі күні 13,4 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қолдау тапты.

Бұдан бөлек, осы алқапта 1 800 пәтерлі 36 кредиттік тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 4,9 млрд теңгеге 350 жалға берілетін пәтер сатып алу жоспарлануда.

 

09 сентября 2025
Хабарландыру!

Хабарландыру!

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы 2025 жылғы 8 сәуірден 29 сәуір аралығында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Құрылыс
Тұрғын үй құрылысы
13 февраля 2025
Тұрғын үй құрылысы 2024-2025жж.

Тұрғын үй құрылысы 2024-2025жж.

Халықты баспанамен қамтуда жыл сайын бюджеттен қомақты қаржы бөлініп келеді.

Кезектегі тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде іске асырылуда.

2024 жылдың қортындысымен облыс аумағында 759 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2023 жылмен салыстырғанда 104,5%-ға артты.

Кезектегі азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджетен жалпы 40,8 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде 2 830 баспананалы болды. Оның ішінде 1 819-ы әлеуметтік осал топтағыларға.

Атап айтсақ, 2024 жылы бюджет қаражаты есебінен 17,5 млрд. теңгеге 3 709 пәтерлі 78 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 1 159 пәтерлі 26 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға барлығы 23,2 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде 1 671 пәтер сатып алынды. Оның ішінде 1 301 пәтер жекешелендіру құқығымен.

Былтырғы жылмен салыстырғанда сатып алынған пәтер
2 есеге (2023ж – 864 пәтер, 2024ж - 1671 пәтер), артты.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысы маслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы №39-4 шешімімен бекітілген бағдарлама аясында белгіленген санаттарға бастапқы жарнасы 10% болатын 1,5 млн. теңгеге дейін тұрғын үй сертификатына 300,0 млн. теңге жергілікті бюджет есебінен бөлінді. Жыл қортындысымен 304 азаматқа 299,5 теңгеге тұрғын үй сертификаты беріліп, баспаналы болуына қолдау көрсетілді (2023 жылы 200,0 млн. теңгеге 198 азамат).

Жеке меншік инвестиция есебінен 1 547 пәтерлі 38 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды (2023ж. – 848 пәтерлі 18 үй).

2025 жылдың қортындысымен облыс аумағында 765 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда.

Кезектегі азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджет қаражаты есебінен 11,8 млрд.тг. 2024 жылдан өтпелі 2 550 пәтерлі 52 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіп, әлеуметтік баспанмен қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде, Тараз қаласындағы «Әулие Ата» (14 мөлтек аудан) жаңа шағын ауданында (автобекет маңындағы) 2024 жылы құрылысы бастау алған 800 пәтерлі 22 әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы ағымдығы жылы аяқталады.

Бұдан бөлек, Асқаров көшесінің соңындағы алқабында 1 176 пәтерлі 30 көпқабатты әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылысын ағымдағы жылы бастау үшін 7,7 млрд. тг. өтінім ұсынылды.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға Республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,9 млрд. теңгеге 361 пәтер сатып алынады.

 

21 августа 2024
Хабарландыру!

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 2024 жылдың 22 тамызында өтетіндігін хабарлайды.

16 августа 2024
Хабарландыру!

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы 2024 жылғы 19 тамыз бен 16 қыркүйек аралығында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №2 бұйрығына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

06 марта 2024
Өңірлік кадр резервтері: кім қатыса алады?

Өңірлік кадр резервтері: кім қатыса алады?

 

1 наурызда Қазақстанда Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады.

Іріктеуге жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар өңірлік резервке іріктеуге қатыса алмайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттардың санын, салалық бағыттарды өңірлік кадр комиссиялары өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, айқындайды.

Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2024 жылдың 1 наурызынан маусым айының соңына дейін жалғасады.

Резервте болу мерзімі – 2 жыл. Осы кезеңде резервшілер сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалуы мүмкін.

Сайтта қалай тіркелуге болады?

Іріктеуге қатысу үшін а.ж. 1 наурызынан 31 наурызына дейін onir.pkrezerv.gov.kz онлайн-платформасында жеке деректерді көрсету арқылы тіркелу қажет. Құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде ұсынған кандидаттар да онлайн-платформада тіркеліп, құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдаудың соңғы күнінен кешіктірмей құжаттарды жүктейді.

«Жеке деректер» бөлімінде дұрыс байланыс деректерін көрсетумен қатар, үміткерлер кадр резервінің өңірін және салалық бағытты таңдауы қажет. Екі және одан да көп өңірлік резервті немесе салалық бағыттарды таңдауға, сондай-ақ өңірлік резервті немесе салалық бағытты қайта таңдауға жол берілмейді.

Сәтті тіркелу үшін іріктеуге қатысушыларға белгіленген талаптарды сақтау, ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер қабылдау қажет. Барлық қажетті файлдар жүктелуі керек.

Жобаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

Өңірлік резервке іріктеуге қатысқысы келетін азаматтар келесі құжаттарды қосып өтініш беру керек:

- Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

- бiлiмi туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшiрмелерi;

- соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

Өңірлік резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:

1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау (1 наурыздан 31 наурызға дейін);

2) заңнаманы білуге (5 сәуірден 9 сәуірге дейін) тестілеу және жеке қасиеттерін бағалау (13 сәуірден 14 сәуірге дейін);

3) құзыреттерді бағалау (22 сәуірден 7 маусымға дейін);

4) өңірлік комиссиядағы құрылымдық сұхбат (13 маусымнан 15 маусымға дейін);

5) өңірлік комиссияның отырысында өңірлік резервке алуға ұсынылған кандидатураларды қарау (15 маусымнан 17 маусымға дейін).

Бірінші кезеңге қалай жазылуға болады?

Бірінші кезең «Заңнаманы білуге тестілеуге» жазылу тапсырылған өтінімнің қабылданғанын растайтын хабарламаны алған сәттен бастап 2024 жылдың 31 наурызы сағат 23:59-ға дейін қолжетімді болады.

Кері байланыс

Тіркелу кезінде туындаған сұрақтар бойынша үміткерлер onir.pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чаты арқылы тәулік бойы қолдау қызметіне, консультация алу үшін сағат 9:00-ден 18:30-ге дейін 7 7262 43-88-26 телефоны және jambyl@onir.pkrezerv.gov.kz электрондық поштасына хабарласа алады.

Сондай-ақ onir.pkrezerv.gov.kz платформасының «Байланыс» бөлімінде Өңірлік кадр резерві бойынша өңірлердегі жауапты мамандардың байланыс деректері көрсетілген.

 

 

 

25 сентября 2023
Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды.

Жастарға мемлекеттік қызметте өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда.

Іріктеуге қатысуға өтінім берудің аяқталуына 5 күн қалды. Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін pkrezerv.gov.kz сайтында тіркеліп, келесі құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет:

1) жоғары білім туралы диплом;

2) еңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);

3) В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растайтын Qazaq RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ бойынша жарамды сертификат.

Тіркелу және өтінімді беру барысында сұрақтар туындаған жағдайда үміткер 24/7 жұмыс жасайтын pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo сайт немесе +7708 096 70 70 нөмір бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.

24 августа 2023
Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда.

Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

🔹Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

🔹Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
• Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
• Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
• Сыртқы саясат және инвестициялар;
• Экономикалық және қаржылық саясат;
• Цифрландыру;
• Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;

🔹Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
- Құжаттарды қабылдау;
- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
-Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
- Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);
- Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
- Ұлттық комиссия отырысы.

🔹Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.

04 августа 2023
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасында 2023 жылдың 7 тамыз күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау арқылы жүргізілетіндігін хабарлайды.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы