Аналитическая справка по внутреннему анализу коррупционных рисков в деятельности коммунального государственного учреждения "Управление строительства акимата Жамбылской области"

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша

 

Тараз қаласы                                                                               2023 жылғы 9 тамыз

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып, «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - Басқарма) құрылымдық бөлімдерінің қызметі табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген(өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Басқарманың
    01.08.2023ж. №105-ө бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

 

Исақов Ғалым Исабайұлы

-

Басқарма басшысының

орынбасары ,

Жұмыс тобының жетекшісі

Досымбекова Шолпан Сатыбалдықызы

-

Әкімшілік бөлімінің басшысы, топ мүшесі

Муратов Нұржігіт Сабыралыұлы

-

Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің басшысы , топ мүшесі

Дайрабаев Даулет Анабекұлы

-

Тұрғын үй инженерлік коммуникациялар және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, топ мүшесі

 

Қалдарбеков Ернұр Қалдарбекұлы

 

Әкімшілік бөлімінің бас маманы, топ мүшесі

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаумен 2023 жылдың І жарты жылдығы кезеңі қамтылды.

5.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 01-04.08.2023ж. аралығында жүргізілді.

6.Басқарма басшысының орынбасары Ғ.Исақовке топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық жасау, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

І. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Талданатын объект туралы мәліметтер:

         Басқарма өз құзіреті шегінде Жамбыл облысының құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асырады.

         Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, Басқарманың ережесіне сәйкес іске асырады.

         Басқармада 3 құрылымды бөлімше жұмыс жасайды:

  • Әкімшілік бөлімі;
  • Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімі;
  • Тұрғын үй инженерлік коммуникациялар және бюджеттік жоспарлау бөлімі;

         Мекенжайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі №78.

 

ІІ.Басқарманың қызметіне, оны ұйымдастыру – басқару қызметін реттейтін НҚА мен ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

Басқарма қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:

  • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы;
  • «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда №10007 тіркелді;
  • «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптырды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 ақпанда №10176 тіркелді;
  • «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы;
  • «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №229 бұйрығы;
  • «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы «13» шілдедегі №134 қаулысы.

НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды байқалуда:

2.1. Авторлық және техникалық қадағалаудың жауапкершілігін күшейтуге қатысты.

 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 31 бабы 3 тармағына сәйкес Тапсырысшы сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды техникалық қадағалауды ұйымдастыру жолымен жүзеге асырады.

Құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тапсырыс беруші авторлық және техникалық қадағалау қызметін бюджет қаражаты есебінен тартады.

Авторлық қадағалауды жұмыстардың жобаға сәйкес жүргізілуін бақылайтын жобаны әзірлеуші жүзеге асырады.

Техникалық қадағалауды аккредиттелген ұйым, орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектілерді пайдалануға беруді қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатыларында жүзеге асырады.

Бұл ретте техникалық қадағалауды, орындалған жұмыстардың көлемін есептеу және олардың сапасын тексеру үшін барлық қажетті құралдары мен жабдықтары бар аттестатталған сарапшылар жүргізеді.

Ал, Тапсырыс беруші аккредиттелген ұйым болып табылмайды, өз штатында аттестатталған сарапшылары жоқ, құрылыс сапасына тексеру жүргізу және олардың көлемдерін есептеу үшін құралдары да, жабдықтары да жоқ.

Осыған қарамастан, Тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар актісіне қол қойып, кемшіліктер анықталған жағдайда  басқарма қызметкерлері жауапкершілікке тартылуда.

Сондай – ақ, 1 млрд.теңге құны бар объектілер бойынша орта есеппен 20,0 - 30,0 млн. теңгені құрайтын техникалық қадағалау кірістерімен мемлекеттік қызметшілердің табысын салыстырғанда аз жалақы алатынын (орташа есеппен 200-ден 300 мың теңгеге дейін) атап өту қажет.

ҰСЫНЫС:

Аталғандар негізінде және техникалық қадағалаушы мекемелердің жауапкершілігін күшейту мақсатында, 2023 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізуді ұсынамыз:

- бюджеттік инвестициялық жобаларды салу кезінде Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісіне (3-1-қосымша) қол қоюды алып тастауды және оған орындалған құрылыс жұмыстарының құны мен шығындары туралы анықтамаға (4-1-қосымша) қол қоюды ғана қалдыруды.

2.2. Жобаларға сараптама жүргізудің тапсырыс берушісі ретінде жобалық ұйымға жүктеу туралы.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы
19 наурыздағы №229 бұйрығының 10-тармағында, тапсырыс беруші "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 6-бабы  1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші құрылыс жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеуге және оларға сараптама жүргізуге бөлек конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді делінген.

Қазіргі таңда осы аталған заң талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізу кезінде мәселелер туындауда.

Яғни, әзірленген жоба-сметалық құжаттамалары бойынша  тапсырыс беруші аккредиттелген ұйым немесе арнайы сарапшы  болмағандықтан, ұсынылған ЖСҚ-на зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізе алмайды. Бұл өз кезегінде сараптаманың теріс қорытындысын алуға әкеледі. Сараптаманың теріс қорытындысы алынған жағдайда, ескертпелерді қалпына келтіріп қайта ұсыну үшін, бюджеттен қосымша қаржы алуды талап етіледі. Ол бюджет қаражатын артық шығынға алып келеді.

ҰСЫНЫС:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 64-1-бабының 7-тармағына сәйкес құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе ЖСҚ) тапсырыс берушісі осы жоба бойынша сараптама жұмыстарының тапсырыс берушісі болып табылады. Тапсырыс берушінің міндетіне құрылыс жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға бөлек конкурстарды ұйымдастыру және өткізу кіреді.

 Бөлек конкурстар жобаны дайындау мен өткізілген конкурс нәтижелері бойынша сол уақытқа жеңімпаз деп айқындалған сараптама ұйымына оны ұсыну арасында үзіліс болмайтындай мерзімдерде өткізіледі. Заңның 64-1-бабының 9-тармағына сәйкес тапсырыс берушілер ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтерде көзделген құжаттардың толық жинақталымын ұсынуға міндетті. Сараптама жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығына тапсырыс беруші жауапты болады.

Сараптаманың теріс қорытындысы алынған жағдайда, ескертпелерді қалпына келтіріп қайта ұсыну үшін, жобаларға сараптама жүргізуді тапсырыс берушісі жобалаушы ұйымға жүктеуді ұсынамыз.

 

ІІІ.Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау

Кадрлық құрам бойынша.

Басқарма құрылымында штат саны бойынша – 15 мемлекеттік қызметші, 9 штаттан тыс қызметкер жұмыс атқарды. 2023 жылдың І жарты жылдағы кадрлық тағайындаулар мен босатулар бойынша: 3 мемлекеттік қызметші жалпы конкурс арқылы тағайындалды, 4 штаттан тыс қызметкер қабылданды және 5 штаттан тыс қызметкер жұмыстан босатылды.

 

Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.

2023 жылдың І жарты жылдық қорытындысымен 1 басқарма қызметкеріне жүктелген міндетін тиісінше атқармағаны үшін тәртіптік жаза қолданылды.

2023 жылдың І жарты жылдықта басқармада сыбайлас жемқорлық санатына жататын заңбұзушылықтар орын алмаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотқа жүгіну фактілері болмаған.

Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті жыл сайын мемлекеттік қызметшілерге анонимді түрдегі сауалнамаларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Кадр мәселелерін реттеу барысында құқықтық проблемалар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі.

Жамбыл облысының құрылыс басқармасында қызметкерлерді іріктеу мен тағайындау барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізіледі.

 

Конкурстық іріктеуді ресми түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау.

Басқарманың конкурсы бойынша облыс әкімі аппаратының бірыңғай конкурс отырысы арқылы өткізіліп келеді.

Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу конституциялық құқығын қамтамасыз етеді. Конкурстық іріктеуді ресми түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау болған жоқ, заңға сәйкес конкурстық процедуралар өткізілді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер туралы» Заңында және өзге де заңнамасында белгіленгендерден туындайтын лауазымдық өкілеттіктері және жауаптылығы біліктілік талаптары негізінде айқындалады және лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттеріді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Басқармада біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері орын алған жоқ.

Бос орынның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстар өткізу кезінде хабарландырулар мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады.

Бос орынның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау фактілері болған жоқ.

Іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерінің болмауы (бос орын туралы хабарландыруды орналастыру, құжаттарды қабылдау, әңгімелесу, тестілеу және т.б.).

Басқарманың конкурсы бойынша облыс әкімі аппаратының бірыңғай конкурс отырысы арқылы өткізіліп келеді. Бірыңғай конкурс отырысы кезеңінде басқарма тарапынан жарияланған конкурстарда тиісті құжаттарды рәсімдеу облыс әкімі аппаратының персалды басқару қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесу және тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру және қорғау тетігінің болмауы.

«Б» корпусының мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурс бойынша әңгімелесу мен тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру бірыңғай конкурс өткізу бойынша облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Кандиттар үшін әркелкі жағдайлар жасау.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер кандидаттар үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Үміткерлерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын тұлғалардың мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі шараларды қамтамасыз етпеу.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс. Басқарма тарапынан мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылданады.

Тікелей басшы немесе мемлекеттік органның басшылығы мемлекеттік қызметшінің өтініші бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақытылы қабылдауға, оның ішінде:

  1. мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкіліттіктерін атқаруды басқа мемлекеттік қызметшіге тапсыруға;
  2. мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін өзгертуге;
  3. мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдауға тиіс. Мемлекеттік қызметші, оның тікелей басшысы және мемлекеттік органның басшылығы өздеріне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады.

Талдау обьектісі қызметкерлерінің жалақысы, көтермелеулері туралы ақпараттың жабықтығы.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметшілерге, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Тәртіптік жазалар алынбаған жағдайда, жұмыскерлерді көтермелеу.

Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін,
сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы негізінде, тәртіптік жазалары бар қызметкерлерге басқарма тарапынан сыйақы берілмейді.

Жұмыс нәтижелеріне қарамастан, талдау объектісінің лауазымды адамдарының қалауы бойынша қызметкерлерді көтермелеу.

Басқарма қызметінің алға басуына өз үлесін қосып отырған басқарма қызметкерлеріне сыйақы беру үшін басқарманың бөлім басшыларының, орынбасарлардың ұсынысы негізінде сыйлықақы беру жөніндегі шешімдер заңға сәйкес қабылданып келеді.

«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы
№1127 қаулысына сәйкес Басқарма қызметінің алға басуына өз үлесін қосып отырған басқарма қызметкерлеріне сыйақы беру үшін басқарманың бөлім басшыларының ұсыныс негізінде сыйлықақы жөнінде шешімдер заңға сәйкес қабылданып келеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді атқарған жұмыстарының нәтижесіне сәйкес мемлекеттік мерекелерде мараппаттауға ұсыныстар жолданып тұрады.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

2023 жылдың І жарты жылдағы қорытындысымен Жамбыл облысы құрылыс басқармасында мүдделер қақтығысы орын алмаған.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Жамбыл облысы құрылыс басқармасымен 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

 

  1. VI. Рұқсат беру функцияларына іске асыру.

Жамбыл облысы құрылыс басқармасы рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

 

VII. Бақылау функцияларын іске асыру.

«Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы      №229 бұйрығына сәйкес 2023 жылдың І жарты жылдығы бойынша Жамбыл облысы құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік нысандардағы жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік жоспарын, кестелерін сақтай отырып құрылысты жалпы жүргізуді, бақылау жүргізді. Құрылысы басталған әлеуметтік нысандағы  жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік жоспарын, кестелерін сақтай отырып құрылысты жалпы жүргізуді, бақылауды басқарманың құрылыс бөлімінің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері жүзеге асырды.

Бақылау іс-шараларын жүргізу мерзімдерін бұзудың жүйелі фактілері-орын алған жоқ;

Тізбесі құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері- орын алған жоқ;

Бақылау іс-шараларын жүргізу рәсімдерін бұзудың жүйелі фактілері- орын алған жоқ;

Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде пайдаланылатын, белгіленген тәртіпті бұзуға әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі-орын алған жоқ;

Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде бақылау іс-шараларының процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі- орын алған жоқ;

Тексеру іс-шараларын жүргізу мерзімдерінің, қамтылатын кезеңнің, бақылау іс-шараларын жүргізуге уәкілетті адамдардың өкілеттіктерінің, бақылау объектілерін іріктеу критерийлерінің, тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша шешім қабылдаудың, бақылау іс-шараларын тоқтата тұру немесе ұзарту рәсімдерінің болмауы не ішінара реттелуі- орын алған жоқ;

Бақылау объектілерін іріктеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінің болмауы- орын алған жоқ;

Фото және бейнетіркеу бойынша талаптардың болмауы- орын алған жоқ;

Тексеру парағы талаптарының негізсіздігі- орын алған жоқ;

Жоғары тұрған органның тапсырмалары негізінде бақылау іс-шараларын жүргізу- орын алған жоқ;

Бланкілер мен нұсқамаларды белгіленбеген орындарда сақтау- орын алған жоқ;

Бланкілер мен нұсқамаларды есепке алуды жүргізуге жауапты адамдардың болмауы- орын алған жоқ;

Ведомстволық актілермен бланкілерді есепке алу бойынша тиісті регламенттеудің болмауы- орын алған жоқ;

Өңірлер, бұзушылықтар түрлері, қолданылатын санкциялар бөлінісінде бақылау іс-шараларын талдау бойынша жұмыстың болмауы немесе жеткіліксіздігі- орын алған жоқ;

Практикада проблемаларды анықтау және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі шаралардың болмауы- орын алған жоқ;

Құқықтық статистика органдарымен салыстыру жүргізбеу- орын алған жоқ;

Мемлекеттік органның орталық аппараты, мемлекеттік сыңайлы сектор субъектісі тарапынан әдістемелік ұсынымдар, нұсқаулықтар, нұсқаулар жіберу, өзге де түсіндіру және оқыту іс-шараларын жүргізу және т. б. арқылы әдіснамалық сүйемелдеудің болмауы- орын алған жоқ;

Аумақтық департаменттердің, еншілес және тәуелді ұйымдардың Бақылау іс-шараларын жүргізуінің бірыңғай тәжірибесінің болмауы- орын алған жоқ;

Бақылау іс-шараларын жүргізген тұлғалардың бақылау объектілерінің өкілдерімен үлестес болу фактілері- орын алған жоқ.

VIII. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

(30.06.2023 жылғы жағдай бойынша)

 2023 жылдың жылдық қаржы жоспары – 40664,8 млн теңге, о.і.

- басқарма арқылы – 31127,6 млн теңге

 - аудандар мен қала бойынша – 9537,2 млн теңге

2023 жылдың 3 айының қаржы жоспары – 15051,3 млн теңге, о.і.

- басқарма арқылы – 12567,8 млн теңге

- аудандар мен қала бойынша -2483,5 млн теңге

2023 жылдың 3 айында игерілген қаржы  - 15049,6 млн теңге

- басқарма арқылы – 12566,1 млн теңге

- аудандар мен қала бойынша – 2483,5 млн теңге

2023 жылдың 3 айында қаржының игерілу пайызы – 100,0%

2023 жылдың 3 айында игерілмей қалған қаржы – 1,7 млн.теңге

 

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы бойынша сапалы мәлімет енгізілуі қамтамасыз етуге басқарманың әкімшілік бөлімі жауапты болып бекітіліп, осы бағытта жүргізілуі тиіс жұмыстар қатаң бақылауға алынған.

Басқарма басшысының 05.01.2023 жылғы №1-ө бұйрығына сәйкес                    2023 жылға арналған Жамбыл облысы құрылыс басқармасының «Тауарларды жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алдың жылдық жоспары» бекітілді.

Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарлары бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу  веб-порталында орналастырылды.

Жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында:

1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген, қосылған құн салығы есепке алынбаған соманың отыз пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді ;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырлады.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау және құрылыс жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеуге  үшін мердігерді  таңдауды  жүзеге асыралады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы - Жамбыл облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы

2023 жылдың І жарты жылдығы бойынша 100 мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.

 

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Басқармада ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану жүйесі қарастырылмаған.

 

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты.

2023 жылдың 1 жарты жылдығы қорытынды есеп кезеңінде Басқармаға  барлығы «eOtinish» Ақпараттық жүйесінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өттіштері бойынша 133 өтініш түсті. Оның ішінде арыз – 97,   басқасы (хабарлама, сұрау алу, үн қосу) - 36.  Барлық өтініштер бақылауға алынып,  заңнамамен көзделген мерзімдерінде  жауаптары берілді. Басқарма басшысы және орынбасарларының  жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне (жазбаша, ауызша, жеке қабылдау түрінде) тіркеу кезінде оған кезекті реттік нөмір болып табылатын тіркеу нөмірі беріледі. 

Талдау нәтижесінде Басқарманың қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкестіктерді жою бойынша,

ҰСЫНЫМДАР:

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:

1.1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне техникалық қадағалаушы мекемелердің жауапкершілігін күшейту мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығының 12-тармағы 4)-тармақшасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізу.

1.2. Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 64-1 тармағының 8 тармақшасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізу

  1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Жұмыс тобы мүшелері:

Басқарма басшысының орынбасары,

топ жетекшісі                                                                                               Ғ.Исақов

 

Әкімшілік бөлімінің басшысы,

топ мүшесі                                                                                               Ш.Досымбекова

Құрылыс және жобалау жұмыстары

бөлімінің басшысы, топ мүшесі                                                                 Н.Муратов

 

Тұрғын үй инженерлік коммуникациялар

және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы, топ мүшесі                                                               Д.Дайрабаев

 

Әкімшілік бөлімінің бас маманы,

топ мүшесі                                                                                               Е.Қалдарбеков

Қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін ұсынылды:

 

Басқарма басшысы                                                                              Д.Абдыбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Дата публикации
17 августа 2023