Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасында өткен аппараттық кеңестің № 8 ХАТТАМАСЫ

Төрағалық еткен:  Д.Абдыбеков – басқарма басшысы;

Қатысқандар:        Басшының орынбасарлары – А.Аманбай, Г.Исаков

                                   Бөлім басшылары – Ш.Досымбекова, Н.Мұратов, Д.Дайрабаев

                                   Нысанға жетекшілік ететін кураторлар – Е.Шайзадаев, А.Абикеев

 

                                                                                       КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Қазақстан Республикасы Заңы 2015 жылы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
  2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
  3. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
  4. Хаттамалық тапсырмамен танысу

 

 

  1. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдегі ең қауіпті факторлардың бірі болып табылады, ол мемлекеттің жалпы ұлттық қауіпсіздігінің жағдайына ғана емес, сонымен бірге оның барлық құрамдас бөліктеріне де зиянды әсер етеді.

Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық.

Қазіргі таңда қоғамымызға, қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.

Жемқорлықпен қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде анықталған.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес, қылмыстарды болдырмау мен алдын алу баршамызға ортақ міндет болып табылады.

Егер сіз ұйымдарда, мекемелерде сыбайлас жемқорлық құбылыстарына пара бопсалау фактілеріне немесе сыбайлас жемқорлық сипатындағы қандай да бір басқа көріністерге тап болсаңыз, сондай-ақ, егер сізге бұл мәселе немқұрайлы болмаса, сіз бірыңғай Call-center 1424 телефон нөміріне хабарласа алатындығыңызды назарыңызға жеткіземіз.

Сіздерге айтатыным, қандай да бір мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда немесе оның туындау мүмкіндігі туралы тікелей басшыға немесе басшының орынбасарына немесе бөлім басшысына жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

Жемқорлық – індет, жою – міндет. Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыра беру керек. Жақсы жетістікке жету үшін барлығымыз жұмыла дертпен күрескеніміз абзал.

Барлықтарыңызға айтатыным, мүдделер қақтығысын болдырмай, тек өздеріңізге бекітілген лауазымдық міндеттеріңізді орындап және Қазақстан Республикасы Заңы 2015 жылы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын сақтап жүрулеріңізді сұраймын.

  1. Әрбір мемлекеттік қызметші әрқашанда Әдеп кодексінің талаптарын естен шығармағаны абзал. Адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы заңына сәйкес, басқарманың барлық қызметкерлері еңбек тәртібі ережесін сақтауларыңызды ұсынамын:

1) жұмыс уақыты сағат 9:00 ден сағат 18:30-га дейін;

2) басқарма қызметкерлері тиісті карточкаларын қолдана отырып, кіреберісте орналасқан электронды турникеттер арқылы кіріп-шығулары керек;

3) жұмыс жасауға дайындық және жұмыс орнынан қайту кезіндегі жинастыру мерзімдері жұмыс уақытына кірмейді; 

4) жұмыс орнына келуі сағат 8 ден 55 минут өткенде, яғни 5 минут жұмысқа кірісуге дайындық (көрсетілген 5 минут кешіккенге есептелмейді);

5) түскі үзіліс 1,5 сағат, яғни сағат 13:00 ден  сағат 14:30 га дейін;

6) жұмыс орнынан қайту мерзімі сағат 18:40 тан кешікпей, яғни             10 минут қосымша компьютерді өшіруге және жиналуға беріледі.

Басқарманың қызметкерлері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін үлгермей қалған жұмыстарын 18:30-дан кейін қалып атқаратын болса, басшының атына ол болмаған жағдайда басшының орынбасарларының атына қызметтік хат жазып ескертуі тиіс.

Басқарманың қызметкерлері жұмыс уақытында жеке шаруасына, отбасы жағдайына, мектепке дейінгі тәрбие беру немесе орта білім беру ұйымдарында өткізілетін ата-аналар жиналысына немесе денсаулық жағдайына байланысты мәселелері бойынша 1 сағатқа дейін басқарма басшысының орынбасарларынан сұранады, ал 1 сағаттан жоғары уақытты алатын мәселелерді басшының орынбасарларының/бөлім басшысының келісімімен басқарма басшысынан  сұранады және 1 сағатқа дейінгі, 1 сағаттан жоғары сұранған уақыттарын әкімшілік бөлімінің бас маманы (кадр) қызметкеріне (жұмыс уақыты есебін жүргізу жорналына) уақытын көрсете отырып белгілеп, сұранған уақытын түскі үзіліс кезінде 1 сағатқа, жұмыс соңында немесе басқа жұмыс күндері өтейді (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 63 – бабына сәйкес).

Басқарманың бас мамандары және келісім-шарт негізіндегі қызметшілері жұмыс уақытында жеке шаруасына, отбасы жағдайына, мектепке дейінгі тәрбие беру немесе орта білім беру ұйымдарында өткізілетін ата-аналар жиналысына немесе денсаулық жағдайына байланысты мәселелері бойынша1 сағатқа дейін бөлім басшысынан сұранады, ал 1 сағаттан жоғары уақытты алатын мәселелерді басқарма басшысының орынбасарларының келісімімен бөлім басшыларынан сұранады және 1 сағатқа дейінгі, 1 сағаттан жоғары сұранған уақыттарын әкімшілік бөлімінің бас маманы (кадр) қызметкеріне (жұмыс уақыты есебін жүргізу жорналына) уақытын көрсете отырып белгілеп, сұранған уақытын түскі үзіліс кезінде 1 сағатқа, жұмыс соңында немесе басқа жұмыс күндері өтейді (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 63 – бабына сәйкес).

Қызметкер еңбек тәртібін бұзғаны үшін ҚР заңнамаларына сәйкес, тәртіптік жаза қолданылатын болады.

  1. Қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің функционалдық міндеттерін уақытылы орындап, адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануларыңыз керек. Әр қызметкер өзінің функционалдық міндеттемелерімен танысып, келіспеген жағдайда басшының атына қызметтік хатпен ұсынылсын.
  2. Барлық мемлекеттік қызметкерлер турникет арқылы күнделікті жұмысқа келгенде және жұмыстан шыққан уақытта өтуді қамтамасыз етсін.
  3. Күн тәртібінде қаралған мәселелермен басқарманың қызметшілерін жеке-жеке таныстырылуын әкімшілік бөлімінің бас маманы А.Бообекова қамтамасыз етсін.

 

 

Басқарма басшысы                                                                         Д.Абдыбеков

Дата публикации
22 мая 2023