Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі

 

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың

12 айы бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес басқарма құзіретінде 3 қызмет көрсетіледі. Оның ішінде: 1 қызмет қағаз түрінде, 1 қызмет каз реестр порталы арқылы, 1 қызмет е- лицензиялау порталы, электрондық үкмет порталымен толығымен біріктірілген.

2022 жылдың 12 айында Басқарма әкімші болып табылатын «Тұрғын үй сертификатын беру» қызметі бойынша қағаз түрінде  9 591,1 мың тенгеге 10 азаматқа мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру (қызмет автоматтандырылған Казреестр порталы), Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру (қызмет автоматтандырылған е- лицензиялау порталы, электрондық үкмет порталымен толығымен біріктірілген); 

Осы мерзімде басқарма мен қызметті көрсетуден бас тартқан өтініштер тіркелмеген.

2022 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге
мерзімдері бұзылған қызметтер жоқ.

Жамбыл облысының құрылыс басқармасымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2022 жылдың 12 айында  БАҚ-та жариялау іс-шаралар жүргізіп жұмыстар атқарылды.        

Дата публикации
16 февраля 2023