Бекітілді
Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысымен
2018 жылғы "_ _ " шілдедегі № _____
Ереже
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
"Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы»
* тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және кредиттеу схемасын ұйымдастыруға қатысу;
* құрылыс саласына инвестициялар тарту және тұрғын үй нарығын дамыту үшін жағдайларды жақсартуға қатысу;
* әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ете отырып, қала аумағы мен шағын аудандарды ұтымды тұрғын үй салу;
* құрылыс өнімдерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысу, объектілерді салу мен пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
* отандық жобалау және құрылыс өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, жаңа құрылыста инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру.
* Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылыс, жобалау жұмыстарын жүзеге асыру;
2) құрылыс қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
3) Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс саласындағы іс-қимыл бағдарламаларын әзірлеу және олардың іске асырылу барысын бақылау;
4) инженерлік ізденістер, объектілер мен кешендерді және инженерлік инфрақұрылымды жобалау, салу, реконструкциялау, қалпына келтіру, жаңғырту, күрделі жөндеу және абаттандыру саласындағы нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу;
5) мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік тұрғын үй саясатын, сондай-ақ өз құзыреті шегінде тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру процесіне қатысу;
6) мемлекеттік бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдіктеріне берілетін сыртқы қарыздар және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға және салуға арналған мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізуді ұйымдастыру;
7) Жамбыл облысының әлеуметтік — экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысу;
8) өз құзыреті шегінде құрылыс саласындағы инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша басқа мемлекеттік органдар мен құрылыс ұйымдарының қызметін үйлестіру; ;
9) өз құзыреті шегінде құрылыс ұйымдарының және құрылыс индустриясы кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
10) аумақтардың қала құрылысын игеру, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді салу, реконструкциялау, қалпына келтіру, жаңғырту, күрделі жөндеу және абаттандыру кезінде Тапсырыс беруші мен техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
11) құрылыс саласындағы әлеуметтік, экономикалық және техникалық саясатты әзірлеу мақсатында қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық;
12) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу.
13) гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі мәселелерді қарауға қатысу;
14) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарау, келісу және бекіту;
15) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
16) оралымды басқаруға берілген коммуналдық мүлікті иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыру (өкімсіз);;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде стандарттардың, сондай-ақ регламенттердің сапасын сақтауды қамтамасыз ету;
18) елді мекендер үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
19) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
20) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық қамтамасыз етуді, құжат айналымын, бюджеттік жоспарлауды жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
21) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
22) гендерлік аспектілерді қарау;
23) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар.
1) Жамбыл облысы әкімдігі қаулыларының және облыс аумағындағы құрылыс саласындағы басқа да актілердің жобаларын қарауға енгізуге;;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен өндірістің басқа салаларының, ғылыми - зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың сарапшылары мен мамандары ретінде тартуға құқылы;
3) құрылыс саласы мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық, сараптамалық және өзге де кеңестер, жұмыс топтарын құруға құқылы;
4) құрылыс басқармасының құзыреті шегінде кәсіпорындар мен өзге де ұйымдардың қызметіне талдау жүргізу, олардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
5) жүктелген функцияларды орындау мақсатында Заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасуға;
6) мемлекеттік мекемелерден, заңды және жеке тұлғалардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұрату және алу;
7) белгіленген тәртіппен азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, ұсыныстарын, шағымдарын қарауға қатысуға құқылы;
8) өз құзыреті шегінде облыстың жергілікті өкілді және атқарушы органдарында, соттарда және өзге де мемлекеттік билік органдарында мүдделерін білдіруге;
9) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндетті;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
1) құрылыс басқармасының жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
2) өз орынбасарларының және құрылыс басқармасы бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;;
3) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және осы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
4) заңнамаға сәйкес құрылыс басқармасының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) құрылыс басқармасының қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады; ;
6) Өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады;
7) құрылыс басқармасының құрылымын және құрылыс басқармасының бөлімдері туралы ережені бекітеді;
8) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда құрылыс басқармасының мүддесін білдіреді;;
9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10) құрылыс басқармасының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.