
Қайрат Кустанайұлы 1978 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін («қаржы» мамандығы бойынша) бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Жаңатас қаласы әкімінің аппаратында маман болып бастаған;
30.11.2000-11.06.2003 жылдары Жаңатас қаласы, Сарысу аудандық қаржы бөлімінде жетекші маман;
11.06.2003-20.09.2004 жылдары Жаңатас қаласы, Сарысу аудандық қаржы бөлімінде бас маман;
20.09.2004-16.02.2005 жылдары Жаңатас қаласы, Сарысу аудандық қаржы бөлімінде меңгерушісінің орынбасары;
16.02.2005-13.02.2006 жылдары Жаңатас қаласы, Сарысу ауданды әкімиятының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары;
13.02.2006-13.10.2009 жылдары Жаңатас қаласы, Сарысу ауданы әкімиятының қаржы бөлімі басшысының орынбасары;
13.10.2009-16.08.2010 жылдары Жаңатас қаласы, Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету жиынтық секторының меңгерушісі;
17.08.2010-23.05.2012 жылдары Шу ауданы, Төле би ауылы, Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;
23.05.2012-13.08.2013 жылдары Жаңатас қаласы, Сарысу ауданы әкімінің аппарат басшысы;
13.08.2013-03.03.2015 жылдары Жаңатас қаласы, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары;
12.03.2015-01.09.2016 жылдары Жаңатас қаласы, «Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының бірінші орынбасары;
04.10.2016-16.05.2019 жылдары Жаңатас қаласы, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені басқармасының 17 разрядты қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы;
18.11.2019-12.04.2022 жылдары Жаңатас қаласы, Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы;
12.04.2022-04.07.2024 жылдары Жаңатас қаласы, Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;
2024 жылдың 5 шілдесінен бастап Тараз қаласы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды;