Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын өткізуде.

Конкурстың мақсаты - жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады.

Республикалық кезеңге қатысу үшін кандидатты іріктеуді өңірлік комиссия олардың жобалау жұмысын, ауылдық округтің (кенттің, ауылдың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін, кандидаттардың уәждемелік эссесін, сондай-ақ елді мекеннің тұрғындары арасында және Әдеп жөніндегі уәкіл өткізген сауалнамалар нәтижелерін бағалау арқылы жүзеге асырады.

Жамбыл облысының өңірлік комиссиясы әңгімелесу кезеңіне 15 қатысушының ішінен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін 12 кандидатты жіберді.

Кандидаттар өңірлік комиссияға алдағы 3 жылға ауылдық округті (кентті, ауылды) дамыту бойынша өздерінің жобалау жұмыстарын ұсынды және елді мекеннің (ауылдық округ, ауыл, кент) әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берді.

Конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша сондай-ақ анкета нәтижелерін бағалау, жобалық жұмысты, онлайн сауалнаманың нәтижелерін, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, әдеп жөніндегі уәкілдің сауалнамасын бағалау нәтижесінде конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпазы болып Қордай ауданы, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бірімқұлов Айдар Бекмұханбетұлы танылды.

Қордай ауданы, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бірімқұлов Айдар Бекмұханбетұлы «Үздік ауыл әкімі» байқауының республикалық кезеңінде Жамбыл облысының атынан қатысып, намысын қорғайтын болады.

 

 

Дата публикации
02 сентября 2022
Дата обновления
02 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы