2022 жылғы 28 тамызда Қордай ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімін сайлау өтті.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қордай ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3746 азамат енгізілді, оның ішінде 2756 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 18, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Биримкулов А.Б. – 2024; Жәнетұлы Б. – 535; Райымбекова А.Ж. – 176.
Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып Биримкулов Айдар Бекмуханбетович, 1987 жылы туған, Жамбыл аулдық округінің әкімі, Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 31 тамыздағы тамыздағы шешімімен 2022 жылғы 28 тамызда сайланған Қордай ауданының Жамбыл ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы