Меню

Страницы

Статья

«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы 2022 жылдың 20 шілдесінде басталады!

«Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы 2022 жылдың 20 шілдесінде басталады!

✅ Бағдарламаға тек Жамбыл облысының жастары ғана қатыса алады.

🔹Өтініш 2022 жылдың 20 - 30 шілде аралығында e-zhambyl.kz сайты арқылы қабылданады.

🔻Бағдарламаның шарттары:
▪️Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн. теңгеге дейін;
▪️Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
▪️Бастапқы жарна - 5%;
▪️ Несие беру уақыты - 19 жыл.

Қатысушыға қойылатын талаптар:
✅Жасы 35-тен аспауы тиіс (35 жас кіреді);
✅ Бағдарламаға қатысушы конкурсқа қатысуға өтінімді толтыру кезінде Жамбыл облысы аумағында өзі еңбек ететін салада соңғы 1 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
✅ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақ шотының болуы;
✅ Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы;
✅ Әр отбасы мүшесіне бөлінген кездегі кірістің жалпы құны 3,9 ең төменгі күнкөріс деңгейі немесе 145 817 теңгеден аспауы қажет (2022 ж. 1 сәуіріне ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 тг).

Қай санаттағы азаматтар қатыса алады?
1. Денсаулық сақтау саласы
2. Білім беру саласы
3. Мәдениет саласы
4. Спорт саласы
5. Журналистика саласы.

📌Қосымша;
▪️ЭЦП кілт керек;
▪️Қатысушы өзінің жеке кабинетіне жолдама алады;
▪️Қатысушы жолдамада көрсетілген уақыттан кейін 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ-на құжаттарын өткізеді;
▪️Банктің мақұлдауынан кейін қатысушы 60 күн ішінде үй іздейді;
▪️Рәсімдеу және несие шартына қол қою (несие соммасы сатушыға аударылады).

Ал бәріңізге сәттілік!
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Дата публикации
01 июля 2022
Дата обновления
01 июля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы