Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және тәжірибе» тақырыбы бойынша  сайлау ұйымдастырушыларына арналған оқыту тренинг туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және тәжірибе» тақырыбы бойынша  сайлау ұйымдастырушыларына арналған оқыту тренинг туралы ақпарат

 

Ағымдағы жылдың 24 маусым күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының ғимаратында Жамбыл облыстық, аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларының босатылған 24 және босатылмаған 7 мүшесіне арналған «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және тәжірибе» тақырыбы бойынша оқыту тренингі ұйымдастырылып, өткізілді.

Тренингті Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов ашты.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Рауан Нұрғалиұлы Садырқұлов оқыту тренингке қатысушыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта бірге оқыту жұмыстарын жүргізуге дайын екндігі туралы мәлімдеді.

Тренингтің бірінші бөлімінде оқытудың жоспарына сәйкес, Тараз қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Арын Ильясұлы Асқарбеков «Сайлауды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды оқыту жүйесін жетілдіру», Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Амреұлы Тлепов «Қазақстан Республикасындағы сайлау науқандарын  дайындау мен өткізудің  ұйымдастырушылық аспектілері»,  Сарысу аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Даулетберді Амангелдіұлы Шортанбаев «Өңірлік даму контексінде ауыл әкімдерін сайлау» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

 

Тренингтің екінші бөлімі Практикалық кейсті талдаумен жалғасты. Екі топ іскерлі ойынын көрсетті. Сарапшылар кейстердегі болған жағдайды талдады.

Тренингтің нәтижесі бойынша қатысушылар ой пікірлерін білдіріп, сайлау/референдум кезінде практикада болған жағдайлармен бөлісті. Алдағы уақытта оқу бағдарламасына іскерлі ойындары арқылы оқытуды көбірек  енгізуді ұсынды.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 июня 2022
Дата обновления
27 июня 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы