2022 жылғы 19 маусымда Қордай ауданының Кенен ауылдық округі әкімін сайлау өтті.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қордай ауданының Кенен ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияның хаттама негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Кенен ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1389 азамат енгізілді, оның ішінде 1044 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Елеусізова А.Б.-54; Жаманкозев Н.А. – 857; Мади Н. – 117.
Кенен ауылдық округінің әкімі болып Жаманкозев Нуркен Аманкельдиевич, 1975 жылы туған, Кенен аулдық округінің әкімі, Кенен ауылдық округінің Кенен ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 маусымдағы шешімімен 2022 жылғы 19 маусымда сайланған Қордай ауданының Кенен ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы