2022 жылғы 19 маусымда Қордай ауданының Қасық ауылдық округі әкімін сайлау өтті.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қордай ауданының Қасық ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияның хаттама негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Қасық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2497 азамат енгізілді, оның ішінде 1825 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 27, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 13.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Исагулова К.Т. – 1397; Итжанова А.К. – 173; Қойшыбай Е.Қ. – 215.
Қасық ауылдық округінің әкімі болып Исагулова Карлыгаш Тынышбековна, 1965 жылы туған, Қасық аулдық округінің әкімі, Қасық ауылдық округінің Әлжан ана ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 маусымдағы шешімімен 2022 жылғы 19 маусымда сайланған Қордай ауданының Қасық ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Қордай аудандық сайлау комиссиясы