Меню

Страницы

Статья

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

  «Мерейлі отбасы-2022» Ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне     15 мамыр – 15 маусым аралығында өтініштер қабылдау жүргізіледі

Конкурстың ұйымдастырушысы – Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі.

Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:

      1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

      2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

      3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

      4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

      5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

      7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

      9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Толық ақпаратты аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінен алуға болады.

Анықтама телефондары: 8 (72636) 2-11-09.

Дата публикации
06 июня 2022
Дата обновления
06 июня 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы