2022 жылдың 31-ші мамырына аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспарланған 9 млрд. 365,5 млн. теңгенің орнына 11 млрд. 088,8 млн. теңгеге немесе 118,4%-ке орындалды, оның ішінде меншікті кірістер бойынша жоспардағы 329,6 млн. теңгенің орнына 2 млрд. 052,9 млн. теңге қамтамасыз етілді, артығымен 1 млрд. 723,3 млн. теңге түсіп 622,8%-ке орындалды. 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда меншікті кірістер 149,4 млн. теңгеге көбейді, өсу қарқыны 107,9%-ды құрады.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспарланған 9 млрд. 530,1 млн. теңгенің орнына 9 млрд. 528,5 млн. теңгеге немесе 100,0%-ке игеріліп, игерілмеген қалдығы 1,6 млн. теңгені құрады (аудан мекемелер бойынша үнемделген қаражаттар).