23 сәуірден бастап порталда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін Digital ID бейне тексеру камераны компьютерге қосу қажеттілігінсіз қолжетімді болады.
🤳 🏻Видео тексеру сервисі - digital ID пайдаланушыларға, егер компьютерде камера болмаса немесе камера жұмыс істемесе, QR-кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндік береді.
Жаңа жаңартуларды пайдалану үшін:
* авторизация қойындысына өтіңіз;
* "Digital ID"авторизациялау тәсілін таңдаңыз;
* "Digital ID көмегімен Кіру"түймесін басыңыз;
* телефон нөмірін және растау кодын енгізіңіз;
* телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR кодына апарыңыз;
* бейне тексеруден өтіңіз.
✅Сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет.