Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облыстық референдум комиссиясының хабары

2022 жылдың 11 мамыры Жамбыл облыстық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы – А.Садубаев; облыс әкімінің көмекшісі – М.Мәтен; Жамбыл облысы прокурорының орынбасары – Н.Ұласбекұлы; облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы – Б.Шыналиев; облыстық референдум комиссиясының (облыстық сайлау комиссиясының) мүшелері, аумақтық референдум комиссиясының (аудандық сайлау комиссиясының) төрағалары және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен аппарат басшылары қатысты.

Комиссия отырысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы; Республикалық референдумға қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру туралы; 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум алдында үгіт-насихат жүргізу туралы; 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау туралы; 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы; Республикалық референдум алдында үгіт жүргізу кезінде COVID-19 короновирус инфекциясының таралуының алдын-алу жөніндегі шаралар туралы баяндамалар жасалды.  

Жиын соңында, қатысушылармен қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Дата публикации
11 мая 2022
Дата обновления
11 мая 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы