2022 жылдың 30-ші сәуіріне аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспарланған 6 млрд. 961,8 млн. теңгенің орнына 7 млрд. 711,9 млн. теңгеге немесе 110,8%-ке орындалды, оның ішінде меншікті кірістер бойынша жоспардағы 724,3 млн. теңгенің орнына 1 млрд. 446,5 млн. теңге қамтамасыз етілді, артығымен 722,2 млн. теңге түсіп 199,7%-ке орындалды. 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда меншікті кірістер 154,2 млн. теңгеге көбейді, өсу қарқыны 111,9%-ды құрады.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспарланған 7 млрд. 107,2 млн. теңгенің орнына 7 млрд. 105,8 млн. теңгеге немесе 100,0%-ға игеріліп, игерілмеген қалдығы 1,4 млн. теңгені құрады (аудан мекемелер бойынша үнемделген қаражаттар).