2021 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар «Электрондық Үкімет» веб-портал, «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы барлығы 26 544 (26 339) қызмет көрсетілген.
Оның ішінде:
- электрондық нысанда- 6 707 (8 347) немесе 25,6%;
- қағаз нысанында – 2 501 (4 256) немесе 9,4 %;
- баламалы түрде – 3458 (3 177) немесе 13,0 %;
-мемлекеттік қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 8 612 (2 254) немесе 32,4 %.
-«электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы – 702 (2 688) немесе 2,6 %;
-Мемлекеттік корпорация – 4 564 (5 617) немесе 17,1 %.
Ішкі бақылау іс-шаралары бойынша:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау іс-шараларын тағайындау туралы» аудан әкімінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №145ө өкімімен бекітілген кестеге сәйкес 10 мекеменің 9-на ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 1 мекеменің:
- 1-уі (Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы қарамағаны өткендіктен, аталған білім бөліміне бақылау жүргізілмеген ) бұл бағытта аудан әкімінің 2021 жылдың 18 наурыздағы №22ө өкімімен 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №145ө өкіміне өзгерістер енгізіліп, білім бөлімі жоспардан алынды.
Сонымен қатар, аудан әкімінің ағымдағы жылдың 8 желтоқсандағы №106ө өкімімен 2022 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес ішкі бақылау іс-шаралары атқарылады.