Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 2022 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеу керектігін еске салады.
Жеке тұлғалар салықты тұрақты тұрғылықты жері бойынша төлейтініне назар аударамыз.
2021 жылға арналған көлік салығын есептеуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында өзіңіз жасай аласыз www.kgd.gov.kz "Электрондық сервистер" / "Калькулятор"бөлімінде. Сондай-ақ көлік салығын есептеу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына немесе ауылдық округ әкімдігіне жүгіне аласыз.
Төлемді "Қазпошта", KaspiKz бөлімшелері және e-Salyk Azamat мобильді қосымшасы арқылы комиссиясыз жүргізуге болады.
Жоғарыда көрсетілген мерзімде салық төленбеген жағдайда, жеке тұлғаларда бересі пайда болады, оның сомасына күн сайын өсімпұл есептеледі, бұл бересімен бірге жалпы сомада салық төлеушінің салықтық берешегін құрайды.
Бұл ретте банктер салық берешегі бар жеке тұлғаға банк шотына қызмет көрсетуден және оны ашудан бас тартуға міндетті.