Меню

Страницы

Статья

Тұншықтырғыш газ – көрінбейтін қауіп!

Тұншықтырғыш газда немесе көміртек тотығында дәм, түс белгілері толығымен болмайтын ерекше химиялық зат. Тұншықтырғыш газдың иісі де жоқ, сондықтан оның бөлмеде таралуын анықтау қиын, ал осы затпен улану қаупі қарқынды артуда. Тұншықтырғыш газдың пайда болуы құрамында көміртек бар әртүрлі заттардың толық жанбауы салдарынан болады. Тұншықтырғыш газға жоғары улылық дәрежесі бар, пайдаланылған газдарда болады. Тұншықтырғыш газдармен улану көбінесе көмірмен жағылатын пештер мен газ қазандарын дұрыс емес пайдаланатын адам кінәсінен болады.

Табиғи газ да иіссіз және түссіз, бірақ газ жылыту құралдарын пайдалану кезінде барынша қауіпсіздікті сақтау мақсатында газ шығаратын станциялар табиғи газға жағымсыз және өткір иісті басқа да компоненттерді қосады. Адам ағзасына түскен табиғи не тұншықтырғыш газ оттегінің орнын басып, тұншығу белгілері дамуына әкеп соқтырады.

Тұншықтырғыш немесе тұрмыстық газдармен улану белгілеріне:

* Ең бірінші белгі – сырқырап бастың ауруы, бас айналуы;

* Құсу, шатасқан сана, қозғалыс координациясының бұзылуы;

* Кеуде бөлігінің ауруы,  жоғары агрессияшылдық және ашуланшақтық;

* Науқастың терісі көгілдір немесе қып-қызыл болуы, сана-сезімнің болмауы тән.

Тұншықтырғыш газбен көбінесе ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен ұйықтап жатқан балалар уланады. Тұрмыстық немесе тұншықтырғыш газбен уланудың себебі алкогольді шектен тыс ішу, есірткілік мастық болуы мүмкін. Тұншықтырғыш газбен улану өрт кезінде, яғни жанып жатқан бөлмеден тез шығу мүмкіндігі болмағанда жиі болады.

Тұншықтырғыш газбен улану – негізгі себептері

Тұншықтырғыш газбен улану көбінесе жылыту құралдарын пайдалану ережелерін бұзу себебінен болады. Тұрмыстық газбен улану адам суицид жасағысы келгенде қасақана жасалынуы да мүмкін немесе улану қылмыстық мақсаттарды қоздырады.

Тұншықтырғыш газ көзі әртүрлі тұрмыстық құралдар мен техникалық аспаптар болуы мүмкін:

* Каминдер, Пештер, гриль қондырғылары, ағашпен жағылатын пештер, ас үй плиталары

* Су жылытқыш қондырғылар, жүк және жеңіл автокөліктер

* Портативті генераторлар.

Дата публикации
18 марта 2022
Дата обновления
18 марта 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы