ТҰРҒЫН ҮЙ КІМГЕ БЕРІЛЕДІ?
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлерге және тұрғын үйі апатты деп танылған қазақстандықтарға.
ӨТІНІМДІ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Қызметті eGov.kz порталынан алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Сатып алу, сату, жалға беру» бөлімшесінен қажетті қызметті таңдау қажет. Бұдан әрі өзіңіз туралы, үнемі бірге тұратын отбасы мүшелері туралы, жұмыс орны және/немесе тұрғын үй туралы мәліметтерді толтырып, басқа да қосымша мәліметтер болған жағдайда оларды көрсетіп, қызметке ЭЦҚ арқылы қол қою керек.
Қызмет 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі