Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі Мәден Мусаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттыққауы

Ардақты аналар, аяулы асыл жандар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Халқымыз қыз баласын айрықша ардақтап, оларды инабаттылыққа және иманжүзділікке тәрбиелеп, әйел затына аса қамқорлықпен қараудың халықтық қағидаларын қалыптастырған. Қоршаған ортаның, табиғаттың тіршілігі көктемнен бастау алса, адамзат өмірінің бастауын ардақты анадан алады. Сол себепті аналарды ардақтап, нәзік жандыларды құрметтеп,  әрдайым қадірін биікте ұстауға міндеттіміз деп білемін.

Қай заманда болмасын, адамзаттың ең асыл армандары мен нәзік сезімдері әйел затымен байланысты болған. Бұл, ең алдымен, ана жылуына құрмет көрсетер отбасылық мереке.

Бүгінде қоғамның барлық салаларында қажырлы еңбек етіп, мәдениет пен өнердің, ғылым мен білімнің асқаралы шыңына көтерілген, елдің дамуы мен өркендеу жолында жігері мен қайратын аямаған нәзік жанды замандастарымыз аз емес. Бала тәрбиелеуде ғана емес, білім мен саясатты, экономикалық және әлеуметтік ахуалдарды жақсартуда ер азаматтармен иық тірестіре еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер бүкіл халқымыздың мақтанышы.

Қай салада болмасын әйел затының аялы алақаны сезіледі. Ондай қыз-келіншектер біздің ауданымызда да қажырлы еңбек етіп келеді.

Тәуелсіз еліміздің бүгіні нығайып, көркеюіне асыл аналарымыз, ардақты апаларымыздың өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Қуанышы мен шаттығы мол мерекеге орай өмірімізге мән, тіршілігімізге сән сыйлайтын 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаттық пен бақ-береке тілеймін!

 

Дата публикации
05 марта 2022
Дата обновления
05 марта 2022
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы