Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі Мәден Мұсаевтың аудан тұрғындарын 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды шуақты көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күнінің негізгі мақсаты – ортақ тарихымыз бен азаматтардың бір-біріне деген қолдауының арқасында көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау әрі дамыту болып табылады.

Бұл күн тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі.

Сондай-ақ, еліміздегі барлық азаматтардың бiр-бiрiне деген сыйластығы мен ынтымағы, ортақ тарихты құрметтеу, өзара көмек пен қолдау көрсету күнi.

Әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек пен демеу үшін рахмет-ризашылығын білдіретін күн.

Алғыс айту күні – қиын заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің бар-лық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынты-мақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.

Қымбатты қордайлықтар!

Жаңа Қазақстанды құру және ауданымызды дамыту жолында атқарып жатқан қажырлы да тынымсыз еңбектеріңіз, күш-қайраттарыңыз, әр іске деген жауапкершіліктеріңіз үшін Сіздерге өз алғысымды білдіремін!

Көктемнің алғашқы мерекесі күні Елімізге тыныштық, әрқайсыңыздың отбасыңызға береке мен бірлік тілеймін!

Дата публикации
02 марта 2022
Дата обновления
02 марта 2022
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы