2022 жылдың 1-ші наурызына аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспарланған 2 млрд. 994,6 млн. теңгенің орнына 3 млрд. 195,2 млн. теңгеге немесе 106,7%-ке орындалды, оның ішінде меншікті кірістер бойынша жоспардағы 463,5 млн. теңгенің орнына 664,1 млн. теңге қамтамасыз етілді, артығымен 200,6 млн. теңге түсіп 143,3%-ке орындалды. 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда меншікті кірістер 137,0 млн. теңгеге азайды (2022 жылға тиесілі мүлік салығы 2021 жылдың соңында аванс ретінде түсуіне байланысты), өсу қарқыны 95,9%-ды құрады.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспарланған 3 млрд. 106,1 млн. теңгенің орнына 3 млрд. 104,5 млн. теңгеге немесе 99,9%-ға игеріліп, игерілмеген қалдығы 1,6 млн. теңгені құрады. Соның ішінде, 0,9 млн. теңге ауылдық округтер бойынша Е-Халық бағдарламасынан игерілмеген, себебі «ҰАТ»АҚ тарифтерін бекітпеуіне байланысты, қалған 0,7 млн. теңге аудандық мекемелер бойынша жоспардан үнемделген қаражаттар.