2021 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар «Электрондық Үкімет» веб-портал, «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы барлығы 26 544 (26 339) қызмет көрсетілген.
Оның ішінде:
- электрондық нысанда- 6 707 (8 347) немесе 25,6%;
- қағаз нысанында – 2 501 (4 256) немесе 9,4 %;
- баламалы түрде – 3458 (3 177) немесе 13,0 %;
-мемлекеттік қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 8 612 (2 254) немесе 32,4 %.
-«электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы – 702 (2 688) немесе 2,6 %;
-Мемлекеттік корпорация – 4 564 (5 617) немесе 17,1 %.
Ішкі бақылау іс-шаралары бойынша:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау іс-шараларын тағайындау туралы» аудан әкімінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №145ө өкімімен бекітілген кестеге сәйкес 10 мекеменің 9-на ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 1 мекеменің:
- 1-уі (Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы қарамағаны өткендіктен, аталған білім бөліміне бақылау жүргізілмеген ) бұл бағытта аудан әкімінің 2021 жылдың 18 наурыздағы №22ө өкімімен 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №145ө өкіміне өзгерістер енгізіліп, білім бөлімі жоспардан алынды.
Сонымен қатар, аудан әкімінің ағымдағы жылдың 8 желтоқсандағы №106ө өкімімен 2022 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес ішкі бақылау іс-шаралары атқарылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау бағыты бойынша:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесе тұрғындарды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі бағытында тұрғындарға 500-ге жуық бүктемелер таратылды.
2021 жылдың 12 айына «БАҚ беттерінде 26 мақала, әлеуметтік желілерде 35 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелердің жаңа Қағидалары аудан әкімдігінің сайтына орналастырылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың 5, 19 қазанында және 2 қарашасында аудан әкімі аппаратының 1-ші қабатында орналасқан «Сервистік әкімдік» кеңсесінде аудан тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушыларға онлайн жәрмеңке өткізіліп, 215 адам қамтылды. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тоқсандық есебі аудан әкімінің ресми сайтына жариялануда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін бұзу фактілері бойынша:
2021 жылдың 12 айында 16 (Жұмыспен қамту бөлімі-1, жер қатынастары бөлімі-5, сәулет, қала құрылысы бөлімі-4, Қордай ауылдық округі әкімі-1, ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі-1, Ауқатты ауылдық округі-2, Сортөбе ауылдық округі-1, Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі-1) мерзімін бұзу фактісі тіркелді. Нәтижесінде, жер қатынастары бөлімінің басшысына Мемлекетік қызмет Агенттігі тарапынан 08.07.2021 жылы әкімшілік хаттама толтырылып, 145 850 теңге көлемінде айыппұл салынып, жауапты тұлғаларға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Қордай ауданы аумағында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімімен «Бекітіліс» бекітілді. Бекітіліске сәйкес мерзімін бұзу фактісіне жауапты тұлғадан бөлек бірінші басшылық пен жоғары тұрған мекеме басшылығы жауапты болады. Сонымен қатар, «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесін жетілдіру, мерзімін бұзу фактілерін алдын алу, жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қатаңдату мақсатындағы іс-шаралар жоспары» бекітілді.