Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың 12 айына сәйкес Қордай ауданы аумағында Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың  алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар бойынша АҚПАРАТ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар

Қордай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 06 қыркүйектегі  №409 қаулысымен «Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері» жөніндегі жаңа ведомстворалық комиссия бекітіліп, комиссияның 3 отырысы өткізілді.

Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің сайтында (http://korday.zhambyl.kz) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылып, атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер енгізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кең түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Қордай ауданы әкімдігі жанындағы ақпараттық үгіт-насихат штабы» құрылып, елді мекендегі тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесу кестесі бекітілді.Нәтижесінде 21 мекемеде (Қордай, Қасық, Степной, Жамбыл, Бетқайнар, Қақпатас, Сарыбұлақ, Отар, Сұлутөр, Үлкен-Сұлутөр, Қарасу, Ауқатты,Сортөбе, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Қордай су» КМК, орталық аурухана, аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, сәулет, қала құрылысы, жұмыспен қамту, жер қатынастары бөлімдері, «Айналайын» мемлекеттік бала-бақашасы) кездесу өткізілді.

        Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың ғимараттарында «Пара берсең 15 жылға жазаланасың», «Пара келесі түрде берілуі мүмкін», «Пара берсең, жазаланасың», «Егер сізден пара талап етсе» тақырыптарында азаматтарға арналған жаңартылған жадынамалар мен (1424) сенім телефондары ілінді.

        Әр мемлекеттік қызметшінің жұмыс орнында «Мемлекеттік қызметшіге сыйлық алуға тыйым салынады» деген ақпараттық куверткалар мен арыз–шағымдар жәшіктері орналастырылды.

        Аудан бюджетінен үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында 2021 жылы 1 млн. 280 мың теңге (2020 жылы 600 мың теңге) (әр-түрлі кездесулер, семинарлар, тренингтер, пікірсайыстар, ойтолғаулар, шеберлік класстар, флеш-мобтар форматында 15 іс-шара өткізу жоспарланған) қарастырылып, тиісті іс-шаралар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында баспасөз беттерінде 37 мақала, әлеуметтік желілерде 49 мақала жарияланып, халық көп шоғырланған жерлерге (аудандық орталық аурухана, кітапхана, білім беру мекемелері, сервистік әкімдік) 8 дана аудио жазба, аудан аумағында үгіт насихаттық мәнде 12 баннер және Қордай ауылының орталық Жібек Жолы көшесінде орнатылған арканың хабарландыру жүгіртпе жолында (бегушая строка) сыбайлас жемқорлық тақырыбында хабарландыру орналастырылды.

        «Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы» бойынша:

        Аудан әкімдігіне қарасты бөлімдерде және бөлімдерге бағынысты мекемелерінде (мемлекеттік кәсіпорындар, мектептер, клубтар) «Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы» ашылып, мекемелерде жауапты мамандар бекітілді. 2021 жылы мекемелердің жылдық бюджеттері аталған картаға толығымен жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі бойынша:

        Ауданда 2 мемлекеттік кәсіпорын (1. «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны. 2. «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің «Қордай су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін ұйымдастырды.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ISO 37001 стандарт бойынша:

         (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдардың бірі ISO 37001:2016 «Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесі» халықаралық стандарты болып табылады, ол ұйымдарға халықаралық деңгейде мойындалуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді) Аудан әкімі аппараты тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу аясында осы іс-шараларды атқаруға жұмсалатын қаржыны есептеп алу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясына өтінім берілді. Нәтижесінде, басқару академиясының коммерциялық ұсынысына сәйкес 1 401 230 теңгені құрады. Аталған қаржыны қарастыру үшін бюджеттік өтінім берілді.

        «Арнайы мониторингтік топ» бойынша:

        Қордай ауданы әкімінің 2019 жылғы 22 мамырдағы №218 қаулысымен үкіметтік емес ұйым мүшелері енгізілген сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылып, өз жұмысын жүргізуде. 2021 жылдың 12 айында аудандық мониторингтік топ құрамымен:

        - денсаулық саласындағы кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін тұрғындарға ұсыну бағытында;

         - құрылыс саласындағы заңнамаларды бұза отырып соғылып жатқан құрылыс объектілерін анықтау және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға  мониторингілеу (талдау) жүргізілді (қызыл сызық).

        Нәтижесінде осы бағытта туындаған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізілді.

        Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша:

         2021 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар «Электрондық Үкімет» веб-портал, «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы барлығы 19 474  (26 190)қызмет көрсетілген.

        Оның ішінде:

        - электрондық нысанда-  7 109 (8 347) немесе 36,5%;

        - қағаз нысанында – 2 941 (4 256) немесе 15 ,1 %;

        - баламалы түрде – 1 656 (2 147) немесе 8,5 %;

        -мемлекеттік қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 1 822 (2 254) немесе 9,3 %.

        -«электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы – 915 (2 688) немесе 4,6 %;

        -Мемлекеттік корпорация – 5 031 (6 498) немесе 25,8 %.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша:

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидасына (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                                     19 қазандағы № 12 бұйрығы) және аудан әкімдігінің 2021 жылғы 31 қаңтардағы №17ө өкіміне сәйкес 8 мекемеге (3 бөлім мен 5 ауылдық округ әкімдіктері) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде  анықталған кемшіліктерді (сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламалардың, іс-шаралардың, комиссия хаттамаларының орындалмауы, арыз-шағым жәшіктерінің орнатылмауы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандартарының жаңартылып толық ілінбеуі, қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасалмауы, шешімдер мен бұйрықтардың заңға сәйкес шығарылмауы ж.т.б) жою бойынша ұсыныс енгізіліп, кемшіліктерге жол берген  7 тұлғаға (аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауылшаруашылық, білім бөлімдері мен Қордай, Ауқатты, Масаншы, Сортөбе, Сарыбұлақ, Ноғайбай ауылдық округтерінің мамандары) тәртіптік жаза қолданылды.

        Сервистік әкімдік кеңсесі бойынша:

        Тұрғындардың уақытын үнемдеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2020 жылдың  қыркүйек айында Қордай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында «Сервистік әкімдік» ашылды. Кеңседе аудан тұрғындарына жер қатынастары, құрылыс, сәулет, жұмыспен қамту, ауылшаруашылық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтің 27 түрі «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылуда.

        2021 жылдың 12 айында «Сервистік әкімдік» арқылы 2897 қызмет көрсетілсе, оның 2383 қызметі электрондық нысанда көрсетілді.

        Есепті кезеңге мемлекеттік қызметкерлерге қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.

  

Дата публикации
01 марта 2022
Дата обновления
01 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы