Меню

Страницы

Статья

Шетелде жүріп ЭЦҚ-ны қалай алуға болады?

 

Күтпеген жағдайлардан ешкім сақтандырылмаған, сондай жағдайлардың бірінде сізге ЭЦҚ керек болып қалуы да мүмкін. Бұрын шетелде жүріп ЭЦҚ алу қиындық тудыратын, қазір сіз ЭЦҚ-ны алу үшін елшілікке немесе консулдыққа жүгіне аласыз.

 

Ол үшін сізге:

- NCALayer бағдарламасын орнату

- www.pki.gov.kz порталында "жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ" алуға өтінім беру

- жеке ЖСН нөмірін енгізіп, тиісті жолдарды толтыру қажет.

Бұдан кейін консулдыққа барып, сайтта өтініш берген соң қалыптастырылған анықтама мен жеке куәлікті ұсыну қажет. Лауазымды тұлға ақпараттық жүйеде өтінімді растаған соң өтініш жасаған компьютерден www.pki.gov.kz порталында шығарылған сертификаттарды (ЭЦҚ) жүктеп алуға болады.

 

Бүгінгі таңда бұл қызмет Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул, Ыстамбұл және Майндағы Франкфурт қалаларында орналасқан 10 дипломатиялық өкілдікте қолжетімді.

Дата публикации
24 января 2022
Дата обновления
16 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы