Қызметтің порталдағы атауы: «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру».
Қызметті тапқаннан келесі қадамдарды орындау керек.
1 Порталда авторизациядан өтіп, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз
2 Сұранымды толтырып, сатып алушының ЖСН-ін көрсетіңіз
3 ЭЦҚ көмегімен сұрауға қол қойыңыз
4 Сатып алушының растауын алыңыз
5 Жеке кабинетте қызмет көрсету нәтижесімен танысыңыз
Өз кезегінде Сатып алушы Egov-қа кіріп, барлығын растап, мемлекеттік бажды төлейді.
Сұранымды келісу үшін сатып алушының ЭЦҚ-сы болуы қажет. Содан кейін ол мемлекеттік нөмірді таңдап, порталда мемлекеттік баж салығын төлейді. Мемлекеттік баж құны-12 545 теңге (2021 жылы), қызмет көрсету уақыты – 1 сағат.
Барлық талап орындалғаннан кейін сатып алушы мамандандырылған ХҚО-ға баруы керек. Өзімен бірге ол мемлекеттік баж төлеу және жинау туралы түбіртекті, көлік құралын тіркеу актісін, мәміленің электрондық нысан құжатын, сондай-ақ ескі нөмірлер мен техпаспортты ала баруы тиіс. Егер барлық құжат дұрыс болса, сатып алушы автокөлікті тіркеу туралы куәлікті және жаңа нөмірлік белгілерді алады.