2022 жылы Қордай ауданы бойынша 795 отбасыны немесе 4047 азаматты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету мақсатында барлығы 364 482,0 мың теңге қарастырылды, оның ішінде: РБ-310482,0 мың теңге, ЖБ (АБ)-54000,0 мың теңге.
Қордай ауданы бойынша 303 отбасыға немесе 1564 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек16661,3 мың теңге тағайындалып, атаулы әлеуметтік көмек төленді.
2022 жылы 1017 баланы кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету мақсатында 85791,0 мың теңге бюджеттен қарастырылған.
2022 жылдың 15 ақпанына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 38 азамат қамтылды. Атап айтқанда, 13 адам тұрақты жұмыс орындарына, 25 адам ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылды.
2022 жылы аудан бойынша тұрғын үй көмегіне 1800,0 мың теңге қарастырылып, 17 отбасы немесе 92 адам 316,4 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.
2022 жылы ауданы бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратын азаматтарға жалпы сомасы 18142,0 мың теңге қарастырылды, оның ішінде: ОБ-11429,0мың теңге, ЖБ (АБ)- 6713,0. теңге.
Жыл басынан өмірлік қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратын 18 азамат жалпы сомасы 815,9 мың теңгені құрайтын бір жолғы және мерзімдік әлеуметтік көмектөленіп берілді.
Атап айтқанда, онкологиялық ауруға шалдыққан 3 азамат 229,7 мың теңге (1 адамға 25 АЕК немесе 76575 теңге), туберкулез ауруымен ауыратын 13 азамат 468,3 мың теңге (1 адамға айына 36018 теңге), бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шыққан 1 азамат 45,9 мың теңге (1 адамға 15 АЕК немесе 45945 теңге), АИТВ (ВИЧ) бойынша 1 адам 72,0 мың теңге (1 адамға 2 ең төменгі күн көріс деңгейінде 72036 теңге) әлеуметтік көмек алды.
Мүгедектерді оңалту іс-шараларының орындалуы
2022 жылдың 16 ақпанына аудан бойынша жалпы мүгедектердің саны 3649 адамды құрайды, оның ішінде 1 топтағы мүгедектердің саны 312 адам және 2 топтағы мүгедектердің саны 1357 адам, 3 топтағы мүгедектердің саны 1267, 16 жасқа дейінгі балалардың саны 713 адамды құрайды.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының саны 3 адамды құрады.
Аудан бойынша 2022 жылы мүгедектерді оңалту құралдарына барлығы 239 939,0 мың теңге қаражат қаралды, оның ішінде:
- үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу жәрдемақысына 11288,0 мың теңге қаржы қарастырылды;
- міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін 84947,0 мың теңге (РБ- 50256,0 мың теңге, ЖБ- 34926,0 мың теңге) қаржы қаралды;
- жеке көмекшілер қызметі мен ымдау тілі маманы қызметіне 17449,0 мың теңге қаржы қарастырылып, 18 мүгедек жеке көмекші қызметімен, 9 мүгедек 1 ымдау тілі маманымен қамтамасыз етілуде.
- компенсаторлық құралдарға 16202,0 мың теңге қаржы қарастырылды.
- үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету құрылымдық бөлімшесі арқылы көмекке мұқтаж 38 азамат және 252 азамат үкіметтік емес ұйымдар арқылы қызметпен қамтылып, аталған мақсатқа қарастырылған 110 053,0 мың теңге қаржаттың 4408,0 мың теңгесі игерілді;
Аудан бойынша жыл басынан мерекелік күндер қарсаңында белгілі санаттағы азаматтарға бір жолғы материалдық көмекпен қамту мақсатында барлығы 54050,0 мың теңге қарастырылды.