2025 жылғы 27 наурызда Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кірістер басқармасының өкілімен оқу-семинары өтті.
Отырыста «Мемлекеттік фунукцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайларының декларация тапсыруы» бойынша мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Д.Утеулиева Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің жалпы мазмұны мен Кодексте көрсетілгендей салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері туралы және салықтық есептілік пен мерзімдері туралы кеңінен түсіндірді.
Оқу-семинар кеңестің соңында мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Д.Утеулиева, қойылған сұрақтарға жауап беріп, қажет болған жағдайда әдістемелік көмектер берілетінін айтты.