2024 жылғы 15 қыркүйекте өткен Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қақпатас ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 2016 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1286 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 34 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Қақпатас ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Бедельбаев Расул Базарбекович үшін сайлаушылардың 72 дауысы берілді,
Каримов Акжол Советкалиевич үшін сайлаушылардың 67 дауысы берілді.
Сапарбай Әсет Берікұлы үшін сайлаушылардың 1067 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 65.
Сайлау қорытындыларымен: Қақпатас ауылдық округінің әкімі болып Сапарбай Әсет Берікұлы сайланды. 1990 жылы туған, Қақпатас ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылының тұрғыны.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы