2023 жылғы 29 қазанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қордай аудандық мәслихаттың орнына депутат сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 4478 азамат енгізілді. Дауыс беруге -2778 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 24 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№ 19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Аманбаев Самат Салимович үшін сайлаушылардың 237 дауысы берілді,
Сарманов Максат Талгатулы үшін сайлаушылардың 2221 дауысы берілді,
Хамитхожаев Ержан Сериккулович үшін сайлаушылардың 261 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 32.
Сайлау қорытындысымен № 19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихаттың депутаты болып - – Сарманов Максат Талгатулы сайланды, 1981 жылы туған, Қордай ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, Қордай ауданы.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы