Меню

Страницы

Статья

Қасық, Кенен, Отар және Степной ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 17 қыркүйекте Қордай ауданының Қасық, Кенен, Отар және Степной ауылдық округтері әкімдерінің сайлау өтті.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қордай ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы сайлау қорытындыларын анықтады:

Қасық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2877 азамат енгізілді, оның ішінде 1448 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 407, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдрахманов Е.А. – 117; Асылбек А.М. –  762; Елеусізова А.Б.– 74, Қойшыбай Е.Қ. - 85.

Қасық ауылдық округінің әкімі болып Асылбек Айдын Мұхитұлы, 1993 жылы туған, Ауқатты ауылдық округі әкімінің орынбасары, Әлжан ана ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен 2023 жылғы 17 қыркүйекте сайланған Қордай ауданының Қасық ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Кенен ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1442 азамат енгізілді, оның ішінде 923 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бедельбаев Р.Б. – 99; Жылыбаев А.К.–  739; Райымбекова А.Ж. – 68.

Кенен ауылдық округінің әкімі болып Жылыбаев Арман Куандыкович, 1988 жылы туған, «АГМ-Табыс» ЖШС-нің техникалық бақылау бөлімінің бастығы, Кенен ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен 2023 жылғы 17 қыркүйекте сайланған Қордай ауданының Кенен ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Отар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 8502 азамат енгізілді, оның ішінде 5762 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 131, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 69.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аяпберген А.М. – 306; Есимов Д.С. –  3810; Төлесбай С.Н.– 1158, Хамитхожаев Е.С. - 288.

Отар ауылдық округінің әкімі болып Есимов Дидар Серикович, 1983 жылы туған, «Дидар Сәттілік»  ЖШС-нің директоры, Отар ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен 2023 жылғы 17 қыркүйекте сайланған Қордай ауданының Отар ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Степной ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3649 азамат енгізілді, оның ішінде 1009 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 28, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аманбаев С.С. – 6; Жәнетұлы Б. –  4; Кенжебаев А.М. - 519, Урустемов Т.Б. - 445.

Степной ауылдық округінің әкімі болып Кенжебаев Абай Мухитович, 1966 жылы туған, Қордай ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қордай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен 2023 жылғы 17 қыркүйекте сайланған Қордай ауданының Степной ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Қордай аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 сентября 2023
Дата обновления
18 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы