«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 29 қазанға Қордай ауданының №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Қордай аудандық мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 30 тамызынан басталады.
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Отар ауылы, Самал көшесі, 2, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Округ шекаралары: сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді №263, №268.
№263 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесiнiң орналасқан жерi: Отар ауылы, Самал көшесі, 2, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің Кенен Әзірбаев атындағы №41 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Отар ауылы.
№268 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесiнiң орналасқан жерi: Гвардейский қалашығы, әскери бөлім клубының ғимараты.
Шекарасы: Гвардейский кенті. Әскери бөлімдері.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.