ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ШЕШІМІ
2023 жылы «09» тамыз №16
|
Қордай ауданының Қасық, Кенен, Отар және Степной ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 17 қыркүйекке Қордай ауданының Қасық, Кенен, Отар және Степной ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- 2023 жылғы 17 қыркүйекке Қордай ауданының Қасық, Кенен, Отар және Степной ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы А.Сырлыбаев
Комиссия хатшысы Г.Абишева