Меню

Страницы

Статья

Ауқатты ауылдық округінің учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен семинар–тренинг

2023 жылғы 27 шілдеде Ауқатты ауылдық округінің учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен семинар–тренинг өтті

 

 

2023 жылғы 27 шілдеде №230 учаскелік сайлау комиссиясының базасында Ауқатты ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу бойынша семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингтің модераторы Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев болды. Семинар-тренингке учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері қатысты. Барлығы: 23 адам.

№ 230 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы сайлау күні сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс алгоритмі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Аудандық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау күні сайлау комиссиялары мүшелерінің әрбір әрекеті және хаттамалар жасау тәртібі бойынша түсініктемелер берді.

Сондай-ақ сайлау күні байқаушылармен сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмысы және әлеуметтік желілерді бақылау мәселесі қаралды.

Барлық сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 июля 2023
Дата обновления
27 июля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы