Меню

Страницы

Статья

Ауқатты ауылдық округінің тұрғындары арасында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының нормаларын түсіндіру жұмысы

Ауқатты ауылдық округінің тұрғындары арасында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының нормаларын түсіндіру жұмысы

 

Аухатты ауылы ауылдық Мәдениет үйі                            2023 жылғы 27 шілде

 

2023 жылғы 27 шілдеде Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ауқатты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Ауқатты ауылдық округі әкімінің тікелей сайлауы алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, тұрғындарға сайлау заңнамасының нормалары, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктемелер берілді.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Әр сайлаушы жеке дауыс береді. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ сайлауда басқа адамдарға дауыс беруге жол берілмейді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін сайлаушылардың тізімдері негізінде сайлаушыларға берілуге тиіс. Барлық сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді. Кездесу қорытындысы бойынша Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев Ауқатты ауылдық округінің тұрғындарын азаматтық белсенділік танытуға, сайлау учаскесіне келіп дауыс беруге шақырды.

Дата публикации
27 июля 2023
Дата обновления
27 июля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы