Ауқатты ауылдық округі әкіміне
кандидаттармен түсіндіру жұмыстары
2023 жыл 19 шілде
2023 жылғы 19 шілдеде Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Аухатты ауылдық округі әкіміне кандидаттармен кездесу өткізді. Кездесуде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасыны4 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық Заңының 27, 28, 29, 31, 32, 33, 34 баптарына түсініктеме берілді. Үгіт-насихат іс-шаралары, оның ішінде әлеуметтік желілердегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс. Мемлекет кандидаттарға сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін сөз сөйлеуге және баспа материалдарын дайындауға тең қаражат бөлуге кепілдік беретіні айтылды. Сонымен қатар, үгіт-насихат кезеңінде және сайлау күні сенім білдірілген адамдардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы