Меню

Страницы

Статья

Қордай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Қордай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2023 жылғы 25 маусымда Қордай ауданының Қордай ауылдық округі әкімін сайлау өтті.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қордай ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы сайлау қорытындыларын анықтады:

Қордай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 24016 азамат енгізілді, оның ішінде 14591 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 23, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аяпберген А.М.– 1102; Каспакбаев А.М. – 11701; Қабылтай Т.Ү. – 1759.

Қордай ауылдық округінің әкімі болып Каспакбаев Адлет Медельбекович, 1986 жылы туған, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Қордай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 26 маусымдағы шешімімен 2023 жылғы 25 маусымда сайланған Қордай ауданының Қордай ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Дата публикации
26 июня 2023
Дата обновления
26 июня 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
Ақпарат
13 октября 2026
Указ Президента РК
Ақпарат
21 августа 2026
ДАУЫС БЕРУДІ АШУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы